25 жастағы қазақ жігіт 2 миллион доллар табысын қатерлі ісікпен күресуге жұмсады

25 жастағы қазақ жігіт 2 миллион доллар табысын қатерлі ісікпен күресуге жұмсады
Фото: tn.kz

25 жастағы қазақ жігіт Асхат Мырзабаев Ұлыбританиядағы Barclays банкінде жарты жыл қызмет етіп, 2 миллион доллар табыс тапты. Жас маман табысын қатерлі ісікке қарсы күрес орталығына аударды. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

"Жобаларға қатысудағы мақсатым ақша емес, мен үшін бұл тәжірибе, жаңа таныстық, білім алу ғана. Бізде банк топ-менеджерлері арасында ақшаны қайда жұмсайтынымыз жайлы әңгіме болды. Сол кездесуде барлық гонорарымды әлемдік маңызы бар пайдалы іске беретінімді айттым. Мен қаражатты қатерлі ісік саласындағы зерттеулермен айналысатын халықаралық ұйымға аудардым. Банк топ-менеджерлері менің әр фунтым үшін өздерінің екі фунттарын қосатындарын айтты", - деді маман.

"Мен миллион табыс тапқан адамдардың екінші миллионға да шамасы жететініне сенімдімін. Бұл өмірдің басты мақсаты емес қой. Мақсат ақшадан жоғары болуы керек", - деп Асхат.

Асхат дарынды қазақстандықтарды жұмысқа орналастырумен айналысатын стартаптың негізін қалаушылардың бірі. Жас маманның мақсаты - Қазақстанда мүмкіндігі жоғары адамдарды жинап, еңбек нарығында оларға жаңа мүмкіндіктерді ашу.

Айта кетейік, өткен жылы Асхат Twitter компаниясында жұмыс істеді. Сол кездегі Esquire Kazakhstan журналына берген сұхбатында ол Google компаниясының атқарушы директоры қызметіне дейін көтерілуді армандайтынын айтқан болатын.

М. Бисембаева