ER-BATYR. Үздік сәттер. Рухани дамуға әрқашан мүмкіндік бар

ER-BATYR. Үздік сәттер. Рухани дамуға әрқашан мүмкіндік бар
Фото: erbatyr

ER-BATYR жобасының жаңа шығарылымы қонақтармен сұхбат барысындағы ең үздік сәттерге арналған, онда ер адамның отбасы мен қоғамдағы рөлі, жауапкершілігі талқыланды. Жаңа шығарылымға алғашқы екі маусымдағы ең әсерлі және күлкілі үзінділер, сонымен қатар, бала тәрбиесі, мотивация, өзін-өзі тану, отбасылық қарым-қатынас және ер адамның қасиеттері туралы маңызды сәттер енген. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube арнасынан тамашалай аласыздар. Жоба серіктесі - Altel мобильді операторы.

Жоба негізін қалаушы Ерұлан Құсайынов:

"Жобаның алдына қойған мақсаты мен ұстанған бағыты дұрыс болды. Негізгі мақсатымыз - адамдардың түрлі тағдырын, түрлі мамандық иелері мен дін өкілдерін көрсету. Ер адам өз тәжірибесімен өмір сүріп, теріс болса, оны дұрыстайды, содан кейін ғана ол өз жақындарына, отбасы мен достарына үлгі болып, қолдау көрсете алады".

Tele2/Altel бас директоры Сергей Коньков:

"ER-BATYR-ды қолдауға шешім қабылдадық, өйткені біз үшін Altel брендінде мұндай жобалар - қолдау көрсететін және болашақта да қолдауды жалғастыратын бағыт, бұл - әлеуметтік аспект. Егер ер адамның бойында болуы керек қасиеттер туралы айтсақ, онда бұл жауапкершілік пен жан-жақтылық, барлық жерде жауапты екеніңді түсіну, бұл кәсіби жағынан және отбасына да қатысты. Отбасын құрғаннан бастап сенің шешімің болу керек, балалы болу - сенің шешімің әрі жауапкершілігің, содан кейін жағдай қалай өрбігеніне қарамастан оны алып жүресің".

Заңгер Ержан Есімханов мотивация, өзін-өзі дамыту және өмірлік ұстанымдар туралы:

"Мен өзіме қатысы жоқ нәрселерге араласпаймын. Қызығушылығымның белгілі бір тар шеңбері бар. Олар — жұмыс, отбасы, үй, спорт, әлеуметтік желі және блог. Бәрі шақырса да, қандай да бір қосымша затқа уақыт бөлмеймін. Әрқашан бір уақытта бір іспен ғана айналысамын. Яғни, жұмыс жасасам, әлеуметтік желілерде отырмаймын, балаларыммен бірге болсам, телефонды мүлдем алып тастаймын және т.б. Көп қырлы болуды ұнатпаймын, оны зиян деп санаймын. Бұл назарыңды аударады, бір нәрсені жақсы істеудің орнына, он нәрсені жаман істейсің".

"Жаңа Ұрпақ" көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Әбжанов балаларды тәрбиелеу туралы:

"Ұлдар мен қыздарды тәрбиелеудің арасында айырмашылықтар бар. Ол махаббатты білдіруге қатысты. Ұл балаға махаббат, сенім керек, яғни оған сену керек, ол жеңетінін, жетістікке жететінін айту қажет. Ал қызға махаббат, қамқорлық қажет, оған қамқорлық жасау керек. "Көмек керек болса, көмектесемін, мен сені қорғаймын, алаңдама, бәрі жақсы болады" деу керек. Бірақ мәселе мынада - заманауи отбасыларда бұл түсініктер белгілі бір себептермен өзгерді".

Chocofamily Holding негізін қалаушы және бас директоры Рамиль Мухоряпов тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы:

"Әйелдерді қорғайтын заңдар қажет деп санаймын. Ер адам қандай себеппен өз әйелін ұруға құқығы бар екенін түсінбеймін, үйленді деген сөз оған ешқандай құқық бермейді. Әсіресе, ер адам әйелімен ұзақ бұрын ажырасып, өз басымдығын көрсетуді жалғастыратын жағдайлар қынжылтады. Менің ойымша, әркім өзін бұлай ұстауға болмайтынын түсінуі үшін бірнеше үлкен оқиға қажет. Заңнама деңгейінде бұл үшін жазаны қатаңдату керек екеніне толық сенімдімін".

Байланыс жөніндегі маман Әлішер Елікбаев ер адамның қасиеттері туралы:

"Қазақстандағы ерлерде кездесетін мәселенің бірі өз-өзіне сенімсіздіктен туындайды. Ер адамдар сенімді болғанын қалаймын, бірақ өзіне тым сенімді болмаса екен. Олар әйелдің рөлі қаншалықты құнды екенін, пікірін де ескеру керек, әйелдерге, әлеуметтік жағынан төмен адамдарға немқұрайлы қарамау керек екенін түсінуі керек. Егер адам өзін-өзі қамтамасыз етсе, бәрімен тең сөйлеседі".

Жобаның Instagram-дағы ресми парақшасы - erbatyrkz.

А. Жапатова