Отбасы мен қоғамдағы ер адам ролі. ER-BATYR жобасындағы ең үздік сәттер

Отбасы мен қоғамдағы ер адам ролі. ER-BATYR жобасындағы ең үздік сәттер
Фото: ER-BATYR

ER-BATYR жобасының 45 шығарылымында жүргізуші Тимур Балымбетов түрлі мамандық иелерімен әңгімелесіп, отбасы мен қоғамдағы ер адамның ролі мен жауапкершілігі туралы сөз қозғады. Жаңа шығарылымға осындай ең үздік сәттер, жобаның негізін қалаушы Ерұлан Құсайынов пен Tele2/Altel бас директоры Сергей Коньковпен сұхбат енеді.

Ерұлан Құсайынов ER-BATYR жобасының мақсаты, ер адамға өз тәжірибесін оң тәжірибеге айналдыру неліктен маңызды екенін, сондай-ақ, келесі жылға арналған жоба жоспарларын айтады. Сергей Коньков ER-BATYR жобасын қолдау туралы шешімге қалай келгені, ер адам үшін саналы әрекет ету қаншалықты маңызды екені туралы әңгімелейді.

Жаңа шығарылымда алғашқы екі маусымның ең әсерлі, күлкілі сәттерін, сонымен қатар, бала тәрбиесі, мотивация және өзін-өзі тану, отбасындағы қарым-қатынас және ер адамның қасиеттері туралы маңызды сәттерді көре аласыздар.

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20.00-де ER-BATYR YouTube арнасынан тамашалай аласыздар. Сондай-ақ, "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан 19.30-да көре аласыздар. Жоба серіктесі - Altel мобильді операторы.

Жобаның Instagram-дағы ресми парақшасы - erbatyrkz.

Т. Есқали