19 тамызда телеарналар мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады

19 тамызда телеарналар мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады
Фото: tass.ru

Қазақстанда 19 тамызда профилактикалық жұмыстарға байланысты телеарналар мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады.

"2020 жылдың 19 тамызында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген "Қазтелерадио" хабарламасында.

Айта кетейік, "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. 

"Қазтелерадио" өкілдері уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша сұрақтар бойынша Сall-center-ге хабарласуға болады: 193, +7(727) 2 581 500, 7193.

Т. Раушанұлы