10 тамыз Абай күні болып бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді, - деп хабарлайды Премьер-Министрдің ресми ақпараттық ресурсы.

"ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізілді.

Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

"22-1. Абай күні – 10 тамыз".

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.