Ұлы жеңіс күні құтты болсын!

Ұлы жеңіс күні құтты болсын!
Фото: Massaget

Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі.

Осыдан 75 жыл бұрын миллиондаған адамның жанқияр ерлігі және еселі еңбегімен келген ұлы қуаныш. Азаматтар ерлігін мәңгілікке есте сақтауға арналған ең қастерлі де мәртебелі мереке.

Жеңіс күні еліміздің әр өңірі үлкен рухпен ұйымдастыратын мерекелік шаралар Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

Massaget.kz жастар порталы Қазақ елін Ұлы жеңіс күнімен құттықтайды. Біз ерлігі ешқашан өшпейтін боздақ батырларымызды мақтан етеміз, тылда еңбек еткен абзал аналарымыздан үлгі аламыз.  

 
А. Рысдәулет