Махаббат – мәңгі ертегі

Махаббат – мәңгі ертегі

Менің дінім – махаббат.
Олжас Сүлейменов

Әлем бір тілде сөйлейді. Бұл тіл – махаббат.

Нәзік сезімге құрмет білдіріп, ел жастары 1999 жылдан бері 15 сәуір күнін "Ғашықтар күні" деп атап келеді. Жүректі селк еткізер тәтті махаббат күнін әлемнің кей елдері басқа күндері тойлайды. Мәселен, ғашықтар мерекесін жапон халқы 11 наурызға белгілеп, "Ақ күн" деп атаса, армян халқы 4 ақпан күні тойлайды. Испандар 23 сәуірде, Израильде 3 тамызда аталып өтетін төл махаббат күні бар. Ал Грузияда, біз секілді, 15 сәуірде тойланады.

Ғашықтарға – естелік. Ұрпаққа – аманат.

Талай ғашық қосылмай, тағдырлары дастан-романға арқау болған. Өмірде бақытқа қол созған, махаббатқа мас жандардың болғанын біраз ескерткіштер айтып береді. Біраз терезенің астында ерке сезімге қанып шырқалған романс әндер де бар. Қаншама ақынның туындысы видеопоэзияға айналды? Қысқасы, махаббат – шабыттың тегі.

Махаббат – бәрінің емі.

Өмірге деген махаббат, ана мен бала махаббаты, ғылым жетелеген махаббат, ғарыш махаббаты – бәрі-бәрі сезімнің кемелінен туады. Ол кез келген жанның (рух), аурудың, сананың, байдың, жындының, ақынның, геймердің, үйсіздің – бәрінің емі. Соны сезетін жүрек пен көретін жанардан айырмасын, Жаратқан!

Махаббат, мерекеңмен! Cheers!

Г. Берік