Алматы аумағында коронавирустың 24 ошағы анықталды

Алматы аумағында коронавирустың 24 ошағы анықталды.

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің мәліметінше, 30 наурызда сағат 12:00-де Алматы аумағында коронавирус инфекциясының 24 аймағы белгіленген.

Әуезов ауданында – 4 ошақ мына мекенжайлар бойынша: Жетісу-2 ш/а, 70а; Мамыр-4, ш/а, 313; №6 ш/а, 35; №1 ш/а, 28.

Алатау ауданында – 5 жұқтыру ошағы орналасқан: Заря-Востока ш/а, Сары-ой к-сі, 234; Ақкент ш/а, 7; Ақбұлақ ш/а, 9; Жасыл Желек к-сі, 13; Тойшыбек батыр к-сі, 121.

Алмалы ауданында – 3 жұқтыру ошағы орналасқан: Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7.

Медеу ауданында – 4 ошақ мына мекенжайлары бойынша орналасқан: Гоголь к-сі, 75; Қонаев к-сі, 62; Самал-3 ш/а, 25; Достық, 111/2.

Жетісу ауданында – 3 жұқтыру ошағы: Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ш/а, 45.

Түрксіб ауданында – 2 ошақ тіркелген. Жұлдыз ш/а, 45; Жұлдыз-1 ш/а, 13.

Бостандық ауданында – 2 жұқтыру ошағы мына мекенжайлар бойынша орналасқан: Тұрғыт-Озал к-сі, 242; Навои к-сі, 328.

Наурызбай ауданында – 1 жұқтыру ошағы тіркелген. Береке көшесі 1/97.

Айта кетейік, Алматы облысында тағы бір коронавирус жұқтырған адам анықталды. Қазір Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 9 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 7 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 294 науқас тіркелді.