Негізгі / Мәңгілік ел / Қазақстанның тағы алты қаласы карантинге жабылды
Қазақстанның тағы алты қаласы карантинге жабылды

30 наурыз сағат 00:00-ден бастап Қазақстанның алты қаласы – Атырау, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абайда карантин жарияланды.

Қазір алты қаланың тұрғындарына тамақ, дәрі-дәрмек, банк қызметі мен жұмысқа баруды қоспағанда, үйлерінен шығуға шектеу қойылған.

Қарағанды облысында орналасқан қалалар мен Атыраудағы жасы 65-тен асқан егде адамдарға үйден шықпауға кеңес берілді.

Онлайн аралауға болатын 9 музей

30 наурыздан бастап бұл қалаларда жаппай көп жиналатын орындар, мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар мен басқа да ұйымдар жабылды. Мейрамханалар мен кафелер тек жеткізу қызметі бойынша жұмыс істейді.

Айта кетейік, Қарағандыда коронавирустың 7 жағдайы тіркелген. Саран, Шахтинск, Абай және Теміртауға карантин жарияланды, Өйткені бұл қалалардың тұрғындарының 20 пайызы жеке шаруаларымен Қарағандыға келеді.

"Бұл қалалардағы карантин коронавирустың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында қабылданды", - дейді жергілікті билік.

Ақтауда 30 наурыздан бастап арнайы режим енгізілді. Сағат 19.00-ден 08.00-ге дейін  үйден шығуға шектеу қойылды.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыға карантин жарияланған болатын. 30 наурыз 00:00 бастап осы екі қалада қосымша шаралар енгізілді. 5 сәуірге дейін әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылды. Екі күнде (28 және 29 наурыз) елордада 164 адам карантин режимін бұзғаны үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Төтенше жағдайды бұзған 68 адамға әкімшілік хаттамалар жасалды.

30 наурызда сағат 08.00-дің мәліметтері бойынша Қазақстанда 284 коронавирус жағдайы тіркелген. Оның ішінде Нұр Сұлтанда 167, Алматыда 70.

Тоқаев дәрігерлер қаржылай қолдауға лайықты екенін айтты

Нұр-сұлтан мен Алматыдан бөлек: Шымкентте 2 адам, Ақмола облысында 6 адам, Ақтөбе облысында 2 адам, Алматы облысында 6 адам, Атырау облысында 12 адам, Шығыс Қазақстан облысында 2 адам, Жамбыл облысында 3 адам, Батыс Қазақстан облысында 2 адам, Қарағанды облысында 7 адам, Қызылорда облысында 2 адам, Маңғыстау облысында 1 адам, Павлодар облысында 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам коронавирусқа шалдыққан.

Дайындаған: Тұрсынбек Раушанұлы
Фото: inbusiness.kz
Қосылған күні: 30 наурыз, 10:28
Ұқсас жазбалар:
Онлайн аралауға болатын 9 музей Massaget.kz
Қазақстанда қауіпті індетке шалдыққандардың саны 229 адамға жетті Massaget.kz