Негізгі / Мәңгілік ел / Қарағанды карантинге жабылады
Қарағанды карантинге жабылады

Қарағанды қаласы карантинге жабылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Карантин 2020 жылдың 30 наурызында сағат 00:00-ден басталады. Біз карантин шараларын Қарағанды қаласының аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 жағдайға байланысты қабылдап отырмыз, - деді Қарағанды қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров онлайн-брифинг барысында.

Айта кетейік, қазір елімізде Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантинде.

Сондай-ақ елімізде 251 адамнан коронавирус індеті анықталды, 18 адам емделіп жазылды. 1 адам қайтыс болды.

Дайындаған: Тұрсынбек Раушанұлы
Фото: Турар Казангапов
Қосылған күні: 29 наурыз, 14:33