Kaspi.kz төлемдерді екі айға шегереді

Kaspi.kz төлемдерді екі айға шегереді

Kaspi клиенттерді қолдаудың жеке бағдарламасын іске қосты. Төтенше жағдай, карантин кезінде жұмыссыз қалып, уақытша қаржылық қиындыққа тап болған клиенттерге ай сайынғы төлемді 2 айға шегереді. Бұл туралы компания басшысы Михаил Ломтадзе YouTube арнасында ресми түрде хабарлады.

"Құрметті клиенттер! Kaspi.kz мақсаты - сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсарта түсу. Біз жұмыс барысында "клиенттерге жақсы нәрсенің бәрі Қазақстан үшін де, Kaspi үшін де жақсы" деген принципті ұстанамыз. 

Сол үшін де қаржыны тұрақтандыру шарасына қосымша клиенттерімізді қолдау жобасын іске қосып, жұмысынан айырылған және уақытша қаржылай қиындық көрген азаматтарға төлем мерзімі уақытын екі айға шегеруге мүмкіндік береміз, - деді.

Сонымен қатар ол клиенттерді қолдау бағдарламасына қалай өтінім беру керектігін түсіндірді.

"Клиенттерді қолдау жобасына қатысу үшін 2 сәуірден бастап Kaspi.kz мобильдік қосымшасында өтініш беруге болады. Ешқайда шықпай, үйден отырып өтініш беру үшін дәл осы мобильдік нұсқаны таңдадық.

Сондай-ақ назарларыңызға мына үш маңызды нәрсеге бұрсаңыздар:

- Біріншіден, жобаға қатысу үшін клиенттің кешіктірілген төлемі болмауы қажет;

- Екіншіден, төлем уақыты тек 18 наурызға дейін несие алғандар үшін кейінге шегеріледі;

Өтініш, қаржылық жағдайыңызды қиындатпаңыз. Егер табатын табысыңыз төлемді төлеуге жетпейтін болса жаңа несие алмаңыз.

- Үшіншіден, төлем уақыты шегерілген клиенттер қаржылық жағдайы жақсармайынша жаңа несие ала алмайды.

Біз Қазақстан мемлекеті және халқымен бірге осы қиындықты жеңуге көмектескіміз келеді.

Бұл біздің басымызға түскен алғашқы сынақ емес. Соңғысы да емес. Бірақ кез келген жағдайда біз сүйікті клиенттерімізге баса назар аударатын боламыз. 

Kaspi.kz командасы атынан және өз атымнан барша қазақстандықтарға денсаулық тілеймін. Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының барлық нұсқаулығын орындап, қолма-қол ақшаны аз қолданыңыздар. Ақша вирусты тасымалдаушы. Төлемді Kaspi Gold картасымен және біздің Kaspi.kz мобильді қосымшасынан жасаңыздар.

Бізбен болғандарыңызға рақмет!" - деді. 

 
А. Рысдәулет