Мүгедек жандар құқығын кім қорғайды?

Мүгедек жандар құқығын кім қорғайды?

Елімізде мүгедек жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар бар. Бұл жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жыл, 28 мамырдағы №326 қаулысымен бекітілген. Қазіргі таңда осы қаулы бойынша мүгедектер мүддесін және құқығын қорғау басты назарға алынып келеді.

Қазақстанда 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың 400 мыңнан астамы еңбекке жарамды. Оның ішінде 61,5%-ы еңбекке жарамды жаста болса, 25,7%-ы зейнет жасындағы адамдар. 18 жасқа толмаған балалар 12,8%-ды құрайды.

2006 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүгедек жандарды қорғау туралы конвенциясын қабылдады. Мұнда елдегі мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамның толық мүшесі ретінде тану керек және мемлекеттік қолдау көрсету басты мақсат саналуы тиіс. Кемтар балаға бар ғұмырын сарп еткен ата-ананы әлеуметтік қызметкер қатарына қосып, тиісті көмек қолын созу міндет.

Жуырда мүгедек жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар шеңберінде, жұмыстың ашықтығын арттыру мақсатында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы республикалық кеңес құрамын жаңарту туралы шешім қабылданды. 2014 жылы құрылған бұл Үйлестіру кеңесінің құрамы 6 жылдан бері жаңартылмаған. Ал жаңалығы, Кеңестің жаңа мүшелері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында онлайн дауыс беру арқылы таңдалады.

Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Құқығын қорғайды. Оның құрамына республикалық және өңірлік мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енеді.

Бүгінде Үйлестіру кеңесіне 26 адам кіреді. Олардың арасында саңыраулар, зағиптар, сал ауруына шалдыққан азаматтар, жастар мүгедектер қоғамының, мүгедек әйелдердің, жоғары білімді мүгедектер бірлестіктерінің өкілдері бар.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Үйлестіру кеңесін жаңарту бірнеше кезең бойынша жүзеге асады. Алдымен мүмкіндіктері шектеулі белсенді азаматтардың барынша қатысуымен өңірлік кеңестер құрылатын болады. Әрбір облыста құрамына кемінде 20 адам кіреді. Өңірлік үйлестіру кеңестерінен республикалық кеңестің құрамына 1 өкілден таңдап алынады.

Мүмкіндігі шектеулі жандар қатарынан Үйлестіру кеңесі құрамына таңдаудың жаңалығы – онлайн дауыс беру. Ақпан айының соңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында әлеуетті үміткерлерден өтінімдер қабылдау басталады. Жеңімпаздар анықталғаннан кейін Үкімет қаулысына өзгерістер енгізіледі.

Еске сала кетейік, Үйлестіру кеңесінің мүшелері орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыру, олардың тіршілік әрекеті мен қоғамға кірігуі үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша қызметтерін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Үйлестіру кеңесінің республикалық отырысы жылына 2 рет өтеді. Қоғамдағы аса маңызды мәселелер көтеріліп,  талқыға салынады. Мүгедектіктің алдын алу және инклюзивті білім беруді дамыту, мүгедектігі бар адамдар үшін "кедергісіз орта" құру және қызмет көрсету, жұмысқа орналастыру бойынша жоспарлар айтылады.  Ең соңғы отырыста айтылған ұсыныстар Қазақстан Республикасы мүгедек жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарға енгізілді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ашаршылық тақырыбындағы "Ұлы дала зары" фильмі жарыққа шықты
Ашаршылық тақырыбындағы "Ұлы дала зары" фильмі жарыққа шықты
Болашақта қай мамандықтарды робот алмастыруы мүмкін?
Болашақта қай мамандықтарды робот алмастыруы мүмкін?
Алматыда саяси репрессияға қарсы митинг өтіп жатыр
Алматыда саяси репрессияға қарсы митинг өтіп жатыр
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасының емтиханы қалай өтеді?
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасының емтиханы қалай өтеді?
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды