Тоқаев дүнген баланың видеосына жауап берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүнген баланың жолдаған видеосына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бұл күндері азаматтарымыздан көптеген өтініш келіп түсуде. Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым. Жауап беремін: Менің міндетім – елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету", - деп жазды Қазақстан Президенті Twitter желісінде.

Дүңген баласы видеода:
"Қазақстан Президенті Қасым-Жомартқа үндеу айтамын: бізге көмектесіңіз!
Ватсапта жаман жаңалықтар таралып жатыр, ертең абай болыңдар дейді!
Бауыры бауырына шабуылдайды дейді. Мен болсам өтірік деймін!
Мен ұлы елде тұрып жатырмын ғой,
Бұл елді көпір деп атайды,
Мұнда бәрі татуласады!
Бізге көмектесіңіз, басқа кімге айтамыз?
Қорқамыз: үйлер өртеніп, балалар жылап жатыр,
Кімнің кіммен не үшін соғысып жатқанын білмеймін.
Менің қалауым біздің үлке нелімізде
Бейбітшілік болғаны (...)", - деп өлең оқиды.

"Қымбатты Президент, бүгінімізге кепіл бар ма? Тату өмір сүре аламыз ба?", - дейді бала Тоқаевқа.

Бұған дейін Президент қайғылы жағдайға жол берген меморгандардың қызметкерлері жауапқа тартылатынын мәлімдеген еді.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.