2020 жылы зейнетақы өседі

2020 жылы зейнетақы өседі
Фото: vk.com

2020 жылдан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және жәрдемақылар көлемі өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті.

“2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Заңға сәйкес, Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және жәрдемақылар артатын болады. Ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалады және 42 500 теңгені құрайды”, - делінген министрлік мәліметінде.

Белгілі болғандай, ең төменгі күнкөріс деңгейі 1500 теңгеге артып, 31 183 теңгені құрайды.

“2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 7 пайызға өседі, бұл ретте оның ең төменгі мөлшері 38 636 теңгені құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 пайызға ұлғаяды, оның ең төменгі мөлшері 16 839 теңге болады”, - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.

Т. Раушанұлы