Қар, тұман, көктайғақ: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: egemen.kz

Қар, тұман, көктайғақ: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 5-7 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Жылы және ылғалды атлантикалық циклондар Ресейдің еуропалық бөлігінен Батыс Сібірдің солтүстік аймақтарына жылжуда. Ал онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан территориясының ауа райына ықпалын тигізеді.

Сондықтан алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облыстарында жылбысқы қар  жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда екпінді батыс желі соғады, бұрқасын көтеріледі. Дегенмен, ауа температурасы көпжылдық орташа мәннен жоғары күйінде сақталады.

Т. Раушанұлы