Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Қазақстанда көмір бағасы қанша?

Қазақстанда көмір бағасы қанша?

Қазақстанда көмір бағасы қанша?

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Қанат Байытов Қазақстанда көмір бағасының қалай түзілетіні туралы айтып берді.

Қ. Байытов түсіндіргендей, бүгінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмірдің жалпы көлемі тауарлық биржа арқылы өткізіледі (89%). Энергетика және өнеркәсіп кәсіпорындарына көмір тікелей келісімшарттар бойынша разрездердің босатылатын бағалары бойынша тиеледі. 

“Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір бағасы разрезде тиеу бағасына (өндірлуіне байланысты тоннасы үшін 3-7 мың теңге аралығында), тасымалдауға жұмсалатын теміржол тарифтеріне, жылжымалы құрамға қызмет көрсетуге, көмірдің биржалық бағасына, сондай-ақ тұрғындарға көмір жеткізетін делдал ұйымдар мен жеке тұлғалардың маржасына байланысты болады”, — деді Комитет төрағасы.

Сонымен қоса, Ұлттық экономика министрлігі жүргізген талдаулар көтерме бағамен жеткізушілермен (делдалдармен) тауарлық биржадан соң 1 тонна көмірге үстеме баға 90 пайызын құрайтынын көрсетті. 

“Әрбір жайт бойынша біз тексерулер жүргіздік. Әрбір жүргізушімен сөйлестік. Соңғы уақытта жеткізушілерге қатысты, олар бағаны аспандатып жібереді деген шағымдар көп болды. Біз машиналар бойынша сараладық. Үш тасымалдау түрі бар. Біріншісі - разрезге өздері барып, көмірді тиеп алып, тұрғындарға жеткізетін өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар. Онда бағаны тым көтереді деген нәрсе жоқ. Екіншісі - теміржолдың тұйықталған басында тұратындар. Мұндайда сіз өзіңіз келіп, көмірді таңдап, бағасы туралы келісімге келесіз. Мысалы, Нұр-Сұлтан бойынша көмір 100-120 км ара қашықтыққа жеткізіледі. Үшіншісі - көмірді сатып алып, тас жолдардың біріне шығып оны қымбатырақ сатып ала алатын адамдарды күтіп тұратындар. Ондайлардың саны өте аз, сондықтан олар көмір бағасына ықпал ете алмайды”, - деді Қ. Байытов.

Сонымен қатар ол бүгінгі таңда түрлі маркалы көмірдің бағасы түрлі кен орнына және өндірудің өзіндік құнына, сатылатын жеріне жеткізу ара қашықтығына байланысты орта есеппен түрлі өңірлерде 1 тоннасы үшін 7 мың теңгеден 19 мың теңге аралығында екенін айтты. 

“Мысалы, біз Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мониторинг жүргіздік. Көмірді қаланың түрлі бөліктеріне өткізетін 8 компания анықталды. Барлық көмір түрлерінің бағалары белгіленген. Жеткізу құнынсыз орташа бағасы бір тоннасы үшін 12 мың теңгені құрайды. 24-30 қазан аралығында елордаға 141 вагон немесе 9770 тонна көмір жеткізілді”, - деді Қ. Байытов.

Бұл ретте, 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін тұрғындардың көмір қажеттілігін 300 мың тоннаны құрайды. 2019-2020 жылдардағы қысқы жылыту маусымы кезеңінде көмірді жалпы тұтыну тұрғындар қажеттіліктері үшін 500 мың тоннаны құрайды. 

“Тұрғындар мен коммуналдық-тұрмыстық секторды 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымында қажетті әрі сапалы көмір көлемімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар Министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында”, - деді Қ. Байытов.

0
Рейтинг: +0

Фото: ult.kz
Қосылған күні: 01 қараша, 10:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.