Алматыда “Кітапханадағы өнер түні-2019” шарасы өтеді

Алматыда “Кітапханадағы өнер түні-2019” шарасы өтеді
Фото: С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы

25 қазан күні сағат 18.00-ден 00.00 –ге дейін С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында қалада алғаш рет “Кітапханадағы өнер түні” өтеді.

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Мәдениет басқармасы, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі.

“Кітапханадағы өнер түніне" қатысатын қала тұрғындары 12 шығармашылық алаңқайда болатын өнердің әр түрлі жанрлы және стильді бағыттағы шараларын тамашалай алады.

“Кітапханадағы өнер түні” шарасына келушілерге қызықты бағдарламалар ұсынылады: Алматы қаласы әкімінің оркестр квартетінің әуені, қазақстандық кино және театр актерларымен кездесу,интерактивті алаң, шеберлік-сыныптары, ретрофото аймақ, “Аромат винила”, театрландырылған қойылым, қолөнер жәрмеңкесі т.б. Ал, шытырман оқиғалармен әуестенушілер кітап сақтау бөліміндегі құпия бөлмелердегі квест-саяхатқа қатысады.

Мерекеге қатысушылар Алматы қаласының көп қырлы шығармашылық мәдениетімен таныса алады.

Мекен жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі 27, Достық 15 даңғ. бұрышы.

Анықтама телефоны: 2793315, 2916351, 2914052

Т. Раушанұлы