30 тамыз – Ата заң қабылданған күн

30 тамыз – Ата заң қабылданған күн
Фото: vk.com

Бүгін Қазақ елінде мерейлі мереке. Тәуелсіздіктің төлқұжатты іспетті Конституциямыздың мейрамы. Бұл күнді еліміздің әр облысы, әр аймағы атап өтеді. 30 тамыз  мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні саналады. 

Қазақстан Республикасының Ата Заңы – ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Бірақ Конституцияға 1998 жылы және 2007 жылы толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Қазақстан жолы" кітабында: "Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі Заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды етуге тиіс болатын",– деп жазды. 

Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігі баянды болсын! Құрметті отандастар, баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймыз!

Т. Раушанұлы