“Арманымдағы Қазақстан” байқауына жұмыстар қабылдау аяқталды

“Арманымдағы Қазақстан” байқауына жұмыстар қабылдау аяқталды
Фото: Арманымдағы Қазақстан

"Арманымдағы Қазақстан" байқауына жұмыстарды қабылдау аяқталды, енді ұйымдастырушылар қорытындысын дайындау үстінде, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанды 20, 50, 100 жылдан кейін қалай көретіндерін бейнелеген суретшілерден 200-ден астам жұмыс келіп түсті. Олардың арасында қызық дегендері, жобаның арнайы сайтында (artdream.kz) жарияланды.

Семейлік студент Полина Горяева болашақта Қазақстанды өзінің табиғи мұрасын сақтай отырып, технологиялық тұрғыда дамыған мемлекеттердің қатарынан көреді. Оның жұмысы "На крыльях будущего" деп аталады. Еліміздің әр тұрғыны кез келген уақытта самғай алатын қанатқа ие. Ал, егер қанаты талса, оларды кең дала мен әсем табиғат күтетін болады. Ал жасыл аймақтан дамыған қаланы еш қиындықсыз тамашалуға болады. 

"Болашақ қанатына" ©Арманымдағы Қазақстан

"Мен болашақта өзім және менің ұрпақтарым өмір сүретін аймақ жайында көп толғандым. Ол жерде міндетті түрде табиғат болуы шарт, ал мен еркін әрі бақытты болуым керек. Балаларым саяхаттауға мүмкіндік алып, өздерін жайлы сезінуі тиіс. Экология да, ғылым да жоғары деңгейде болуы шарт. Болашаққа мен үмітпен әрі жылулықпен қараймын. Біз болашақта сондай қалалар тұрғызатын боламыз", – деп армандайды бойжеткен. Автор әр бөлігіне егжей-тегжейлі мән берген. Ауада қалықтаған әдімі көбелектер көз қуантады. Олар адамдардан мөлдір шар арқылы жасырулы. Ғимараттар қазақтың ұлттық ою-өрнегімен көмкерілген. Суретте тау мен жасыл желек те бейнеленген. 

Алматылық дизайнер Ақмарал Шаймағамбетова "Қыз қуу" ұлттық ойынын ерекше бейнелеген. Бойжеткен мен жас жігіт ат орнына ұшатын машина қолданған. "Жағдайдың өзгерісі мен жаңа технологияның пайда болуына қарамастан мен дәстүріміздің сақтаулы қалғанын құп көремін", – дейді автор.

"Қыз қуу" ©Арманымдағы Қазақстан

Ежелгі өнер петроглифтерді қайта тірілтіп жүрген суретші Санжар Жұбанов өз ойындағы болашақты күнмен байланыстырған. Ол қызыл түсті қағаз бетіне гельді қалам арқылы нүктелермен күнді белгілеген.

"Солнце над Вечной Землей Предков" ©Арманымдағы Қазақстан 

Суретші өз суретін былайша түсіндіріп өткен: "Мәңгілік баба жерінің көгінде күн күлімдейді! Бұл бұған дейін де солай болған. Болашағымыз жарқын! Ол жер тым жарық болмақ. Жылулық, жарық пен күннің қуаты жерді мәпелейді. Біз бұл ағынды мейірімге айналдырамыз".

Тағы бірнеше қатысушы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының болашақ сипатын әртүрлі ұсынды. Суреттерде биотек түріндегі ғимараттарды көптеп кездестіруге болады. Суретшілер бізге айқын Бәйтерек, Хан Шатыр және Экспо ғимараттарын сақтап қалуға тырысқан.

"QAZAQSTAN"/Талгат Сериков. ©Арманымдағы Қазақстан 

"Дни минувшего будущего"/Тогжан Жаксылык ©Арманымдағы Қазақстан 

"Шанырак - здоровая нация, продвинутые технологии, великие традиции"/Анастасия Марченко ©Арманымдағы Қазақстан 

"Бизнес-центр Алматы"/Арнат Нысанбаев ©Арманымдағы Қазақстан 

"Будущее Казахстана"/ Настя Винокурова ©Арманымдағы Қазақстан  

"Нурсултан"/ Айдарбек Суханберлиев ©Арманымдағы Қазақстан 

Юлия Шульгинаның киіз үй түрінде жасалған жұмысы жүрекке жылу ұялатады. "Біздің өткеніміз – болашақ тарихымыздың тұтас бөлігі. Қандай жағдай болмасын, дәстүрімізді сақтап қаламыз дегім келді. Қазақстанның болашағы жарқын” – дейді автор.  

"Kazakhstan of the future" ©Арманымдағы Қазақстан 

"Арманымдағы Қазақстан" байқауының тағы бір қатысушысы Асылжан Мұқанов болашақта Қазақстан астанасы жасыл технологияға толықтай көшетініне сенімді. Соған қарамастан, Хан Шатыр астананың белгісі болып қалады.

"Казахстан в XXII веке" ©Арманымдағы Қазақстан 

Дәл сондай пікірдегі қатысушылардың бірі Жәнібек 100 жылдан кейінгі Қазақстан астанасының көркін бейнелеген. Тек бұл жолы қала символы – "Бәйтерек" монументі.

"Болашақ Қазақстан" ©Арманымдағы Қазақстан 

Байқаудың келесі қатысушысы Ғалия да астананы өзінше елестеткен. Ұшатын транспортпен бірге, самокатты да бейнелеген. 

"Все в наших руках, нужно лишь сделать шаг" ©Арманымдағы Қазақстан 

Адия есімді қатысушы оңтүстік астанамыз Алматы қаласын бейнелеген. Тек жаңа ғимараттарға толысып қана қоймай, гүлденген Алматы одан да көркейе түседі.

"Цветущее будущее" ©Арманымдағы Қазақстан 

Ал, қатысушылардың бірі болашағымыз балалар деп есептейді.

"Тәж Қазақстан" ©Арманымдағы Қазақстан 

Алматылық Абай Битлеуов болашақта теңге кұны долларға теңесетінін көрсеткен. Суретте 2039, 2069 және 2119 жылдардың 22 маусымындағы валюта курсы көрсетілген. Автордың ойынша, 2039 жылы доллар 10 теңге болса, 2069 жылы қазақстадық валюта нығайып, небәрі 1 теңге болады. Ал 2119 жылы доллар құны тиын болмақ. 

"Курс валют на перспективу" ©Арманымдағы Қазақстан 

Вероника Морскаяның жұмысында терезеге қараған бикеш бейнеленген. Ал, терезеден болашақ Қазақстан қаласының сұлбасын байқауға болады. Ғимараттар ұшып жүргендей әсер қалдырады, одан бөлек аспанда қалықтаған машиналар суреттелген.

"Прекрасное далеко"©Арманымдағы Қазақстан  

Ал "Сандық өнер" бойынша қатысқан Дамир болса, әр аймақтың болашақта қандай бағытта өзгеретінін көрсеткен.

"Қазақстан 5 аймағы шаруашылық бойынша болашақта" ©Арманымдағы Қазақстан 

"Сандық өнер" бөлімінің тағы бір қатысушысы Ержан Нұр-Сұлтан қаласының болашағын салған. Қала жасыл желекке толып, ғимараттар саны арта түседі. Ал Бәтеректің жанына шағын киіз үй салынады.

"Недалекое будущее, не забываем прошлое" ©Арманымдағы Қазақстан 

"Юрта"© ©Арманымдағы Қазақстан 

Alash Media Group холдингі ұйымдастырған байқау еліміздің түкпір-түкпіріндегі талантты жастарды біріқтірді. Мақсаты – қазақстандық қоғамның жан-жақтылығы мен дамығанын көрсету. Байқауға Қазақстанның  18 жастан жоғары кез келген азаматы қатысты. 

2019 жылдың 18 маусымынан 30 шілдесіне дейін artdream.kz сайтында өтініштер келіп түсті. Ұйымдастырушылар үздік жұмыстарды іріктеп алды. Сондай-ақ, сайтта жұмысы жарияланған қатысушылардың барлығына кепілдендірілген 20 мың теңге берілетіні айтылған болатын. Байқаудың ережелерімен толығырақ мына жерде танысуға болады. 

Жобаның серіктесі – ERG компаниясы. Байқау қорытындысы бойынша үздік суреттер ERG компаниясы жұмыс істейтін кәсіпорындарда өтетін көрмелерге қойылады.
Т. Есқали