Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Қ. Тоқаев БАҚ саласының үздіктерін марапаттады

Қ. Тоқаев БАҚ саласының үздіктерін марапаттады

Қ. Тоқаев БАҚ саласының үздіктерін марапаттады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарының және алғыс хат иелерінің есімдері белгілі болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

1. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

Қазақстан Республикасы Президентінің
бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

Әшімжан Жанарбек Садықанұлына – "Ана тілі" республикалық газетінің бас редакторына, қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдары баспасөзін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін;

Жақсылықова Жайна Сламбекқызына – "Астана" республикалық телеарнасының талдаушы-редакторына, отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін;

Қорғасбек Жүсіпбек Нұрақынұлына – "Жас өркен" ЖШС бас директорына, Қазақстан журналистикасының және ұлттық бұқаралық ақпараттық құралдарының дамуына сіңірген еңбегі үшін;

Кияница Виктор Витальевичке – "Комсомольская правда – Казахстан" газетінің бас редакторына, Мемлекет басшысының қызметін белсенді жан-жақты түсіндіріп, жариялап-көрсеткені үшін берілсін;

Қазақстан Республикасы Президентінің
бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

Сартбаева Әсем Бахытқызына – "Qazaqstan" телерадиокомпаниясы Маңғыстау облыстық филиалының шеф-редакторына, Қазақстанның өңірлік саясатын тиімді ақпараттық сүйемелдеуге қосқан үлесі үшін;

Сәрсенғалиев Нартай Аралбайұлына – "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы "Мәселе" талдамалық бағдарламасының жүргізушісіне, Қазақстан дамуының өзекті мәселелерін жарыққа шығарған ақпараттық-сараптамалық қызметі үшін;

Мыңбаев Рауан Ерұзақұлына – "Хабар 24" республикалық телеарнасының тілшісіне, қазақстандық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін тапсырылсын;

Қазақстан Республикасы Президентінің
бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

"Егемен Қазақстан" республикалық газетінің шығармашылық ұжымына еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;

Жамбыл облыстық "Знамя Труда" газетінің шығармашылық ұжымына өңірлік журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін;

"Шалқар" ұлттық радиосының шығармашылық ұжымына отандық радионың дамуына қосқан үлесі үшін;

"Экспресс К" республикалық газетінің шығармашылық ұжымына қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саланың дамуын ақпараттық жарыққа шығаруғақосқан айрықша үлесі үшін жариялансын.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті         Қ.Тоқаев
 Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы   26   маусым

0
Рейтинг: +0

Фото: ult.kz
Қосылған күні: 26 маусым, 16:39

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.