Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Дәуірлер ізін сақтаған Қиын-Керіш жоталары

Дәуірлер ізін сақтаған Қиын-Керіш жоталары

Дәуірлер ізін сақтаған Қиын-Керіш жоталары

Қиын-Керіш – аумағы 300 гектарлық, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы маңында орналасқан ерекше шатқал. Қиын-Керіш адырлары мен шатқалдары қызғылт сары, ақ, көк және басқа да түрлі-түрлі топырақты мұнаралардан тұрады.

Қиын-Керіштің топырағы қызғылт түске оранып, аптап жаз ыстығында сағымданып, жалын шашып тұрғандай әсер етеді. Сол себепті бұл шатқалдарды "Жалынды жар" деп те атайды. Адырлардың түсі мен қатпарлары құбылмалы. Жазушы Борис Щербаков жазғандай: "Бұл жерге әр келген сайын керіштер әр қырынан көрінеді". Себебі қатпарлар миллиондаған жыл­ теңіз бен көл түбінде жатқандықтан әртүрлі химиялық қабаттар біріге берген.

Қиын Керіш – көне заманғы "үшінші мыңжылдық" деген дәуірдің, бір кездердегі теңіздер мен бұғаздардың көзі. Куәсі десе де болады. Шығыс Қазақстандағы бұл сирек шатқалдың басты қазынасы – әрбір геологиялық дәуірлер із қалдырған түрлі-түсті қатпарлары, адырлары, бедерлері мен шөгінділері. Көпшілік геолог бұл аймақты табиғат ескерткіші санайды.

Қиын-Керіш топырағы ақ балшықтан тұратындықтан қар, жаңбыр суына еріп, шатқал аймағындағы жолдарда көліктер тайғанақтап, батып, жолдың қиындығы білінеді. "Қиын-Керіш" деген атау осы жол қиындығына байланысты қойылса керек. Ал "керіш" сөзі көне түркі тілінде "тау", "жота" деген мағынаны білдіреді. Жергілікті тұрғындар Қиын-Керішті Эолия қаласы деп те атайды. Бірақ бұл атаудың қашан, қайдан пайда болғаны белгісіз.

Қиын-Керішке арнайы келетіндердің саны көбейген. Ал жергілікті халықтың көзі үйреніп кет­кен.

Жергілікті тұрғын Айсұлтан Леңгер бұл жерде бұрын теңіз болған деген тұжырым жасайды: "Осыған дейінгі экспедицияларда Қиын-Керіште акула сүйегі табылған. Бұл дегеніміз бұл атырапта бұрын су болғанын білдіреді. Қызыл түске боялған бұл аймақты алғаш көргендер бірден Марсқа ұқсас мекен деп жатады. Расымен бұл – Жердегі Марс қой", - дейді ол.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласының "Таяу жылдардағы міндеттер" атты бөлімінде "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" атты үлкен тақырыпты қозғайды: "Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған "Туған жер" бағ­дар­ламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек.

Ол үшін "Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары" немесе "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы керек.

Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген.

Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз.

Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ. Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мав­золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті­судың киелі мекендерін және басқа да жерлер­ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді".

Елбасы рухани жаңғыру үшін аталған жобаның қаншалықты маңызды екеніне баса назар аудартады. Себебі Қазақстанның киелі жерлері – ел туризмінің басты қайнары.

"Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқы­мыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуге тиіс. Мәдени маңызы тұрғысынан біздің Түр­­кістан, Алтай – ұлттық немесе құр­лықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құн­дылықтар", - дейді президент.

Қиын-Керіш Қазақстан табиғат ескерткіштерінің тізіміне енеді және болашақта ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандарына кіруге потенциалы мол аймақ саналады.

0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Massaget
Фото: Yernar Almabek/Massaget.kz
Қосылған күні: 21 маусым, 16:23

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.