Отан қорғаушылар күні құтты болсын

Отан қорғаушылар күні құтты болсын

Бүгін – 7 мамыр Отан қорғаушылар күні. 1992 жылы республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшу үшін қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қайта құрды. Дәл сол жылы 7 мамырында Президент Н.Ә.Назарбаев Жарлыққа қол қойды. Бұл Жарлық негізінде, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз қолына алды.

2012 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасының Парламенті мейрамдарға арналған заңды қайта қарап, 7 мамырды мемлекеттік мереке деп таныды. Отбасы атты шағын мемлекеттің тірегі,ел басына күн туғанда Отан қорғайтын айбынды азаматтарымызды мерекелерімен құттықтаймыз.

Т. Есқали