Алматы облысында АЭС құрылысына арнайы жер бөлінді

Алматы облысында АЭС құрылысына арнайы жер бөлінді

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында Қазақстанда АЭС құру туралы ұсынысын айтқан болатын. Осыған орай Алматы облысында атом электр станциясына арнайы орын бөлінді.

Путин өзінің алғашқы ресми шетелдік сапарымен Ресейге келгені үшін Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, келіссөздер Нұрсұлтан Назарбаев кезінде қалыптасқан дәстүрге сәйкес өткенін атап өтті.

"АЭС құрылатын орын ретінде Алматы облысындағы Үлкен ауылы таңдалды. Бізде АЭС құрылысы бойынша әлі шешім қабылданған жоқ. Қазір тек, орынды анықтадық және алдағы уақытта ең қолайлы технологияны пайдаланамыз. Бұл туралы қосымша хабарлайтын боламыз", – деді ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев.

"Кез-келген жағдайда, Ресеймен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты ескере отырып, уран өндірумен байланысты ортақ жобалар... Бұл күнделікті күн тәртібінде тұрған барлық мәселелер және қосымша зерттеуді қажет етеді. Сондықтан, біз бұл мәселені зерттеуді жалғастырамыз. Бірақ атом станцияаларын салу туралы нақты шешім әлі қабылданған жоқ", – деп түсіндірді ол.

Қазақстанда АЭС құру дұрыс па, бұрыс па? 

Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы мәселе бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Бұрын хабарланғандай АЭС құрылысы 2018 жылы жоспарланған болатын. Бірақ ол белгісіз себептерге байланысты кейінге шегерілді.

2014 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласы АЭС салу орны ретінде таңдалды. Кейіннен Алматы облысында басқа орын таңдалды. 2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен келіссөздер барысында жапон компаниясы АЭС салатыны туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.

Айта кетейік көршіміз өзбектер АЭС құруды бастап кетті. Біздің елде оны құру не құрмау туралы шешім жақын күндері шығып қалады деп отырмыз. Ал әлем елдері АЭС-тен бас тартып жатқан кезде біз және көршіміздің АЭС салғаны қаншалықты орынды?  Біз осы сұрақтар төңірегінде ізденіп, АЭС-тің артықшылығы, кемшілігі, тарихы, қалай жұмыс істейтіні туралы оқырман қауымды хабардар ету мақсатында – "Қазақстанда АЭС құру дұрыс па, бұрыс па?" атты көлемді зерттеу мақаласын жариялаған едік.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар