Негізгі / Мәңгілік ел / Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

" Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бәрімізді қуаныш пен сүйіспеншілік сезіміне бөлейтін бұл мереке – бейбітшілік пен жақсылықтың нышаны. Оның философиялық мәні зор және бүкіләлемдік мәдени сипаты бар.

Көне заманнан бастау алатын осынау мейрам жаңару мен жаңа өмірдің басталу сәтін сипаттайды.

Наурыз – рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын символы.

Бұл мереке өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа лебін әкеледі.

Бүгінде Наурыз – ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасындағы достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрам.

Оның мәңгілік мәні – ең жоғары құндылығымыз бен ортақ байлығымызды – халықтың ынтымағын бекемдеу.

"Бірлік бар жерде, тірлік бар" дейді халық даналығы. 

Әз-Наурыз әр отбасына бақ-береке әкелсін!"

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Фото: tengrinews.kz
Қосылған күні: 22 наурыз 2019, 00:43
Ұқсас жазбалар:
Қасым-Жомарт Тоқаев неше тіл біледі? Massaget.kz