Нұрсұлтан Назарбаевқа "Халық қаһарманы" атағы берілді

Нұрсұлтан Назарбаевқа "Халық қаһарманы" атағы берілді

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа "Халық Қаһарманы" атағын беріп, "Алтын жұлдыз" орденін тақты.

- Аса қадірлі Елбасы, жиналған қауым! Менің ҚР Президенті қызметімдегі бірінші шешімім "ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы"  Конституциялық заңға және "Мемлекеттік наградалар" туралы заңға сәйкес, Тәуелсіз Қазақстанды орнатудағы тарихи үлесі, экономикалық және әлеуметтік және гуманитарлық дамытудағы, қазақстандық қоғамды топтастырудағы аса үздік еңбегі үшін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі "Алтын жұлдыз" орденін тапсыра отырып, "Халық қаһарманы" атағын беремін, - деді Қ.Тоқаев.

"Халық Қаһарманы" атағы - Қазақстан Республикасына сіңірген қайталанбас ерен еңбегі үшін, Отан қорғауда, азаматтардың өмірін қауіпсіздендіру барысында ерлік көрсеткені үшін, Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі жолында аянбай күрескені үшін берілетін жоғарғы дәрежелі атақ. "Халық Қаһарманы" атағы 1993 жылы заңмен бекітілді.

"Халық Қаһарманы" атағын алған адамға аса ерекшелік белгісі "Алтын жұлдыз" бен "Отан" ордені беріледі.