Жастар жылы: Заманауи қазақ жастары қандай болу керек?

Жастар жылы: Заманауи қазақ жастары қандай болу керек?

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында «Жастар – біздің болашағымыздың негізі – өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізеді»– деген болатын. Биыл, 2019 жыл – Жастар жылы.

Бүгінгі таңда адам капиталына құйылып жатқан инвестициясының артып келе жатқанын байқауға болады. Адам капиталы білім, адамның қоғамдық ресурсы мен оның мәдени потенциалы арқылы анықталады. Уақытқа бағынбайтын заманда тек адам капиталын жетілдіре білгендер ғана жетістікке қол жеткізе алады. Ал, басты адам капиталы жастардан тұрады.

Жастар бағалы ресурстардың – білім, қабілет, мотивация, ақпартты қабылдау және дамыту дағдысы, үздіксіз білім алу мен тәжірибе мүмкіндіктерінің жиынтығы.  
Заманауи қазақ жастарының қоғамы өзге аға буындарға қарағанда ерекшеленеді: олардың өзіндік қағидалары, құндылықтары мен жетісткке жету барысында қолданатын тәсілдері бар. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде: «Әр адам еңбек ету, оқып білу, өмір сүру және заманауи әлемде тіршілігін жалғастыру дағдыларын қалыптастыруы тиіс деген» болатын.

Қоғамдағы жоғары серпінділік, ақпараттар ағынының шектен тыс көбеюі, адамдар арасындағы қиын қарым-қатынас арасынан өз орнын табу арқылы, барлық мәселені әділ түрде шеше білетін дарынды әрі білімді жастардың қоғамын қалыптастыру әлі күнге дейін өзекті.

Бүгінде жастар алдында адам капиатлының өзегі ретінде мына талаптар бойынша ілгері жылжу міндеттелген:
• «Сапалы білім»: Білім – көкжиегі кең жастардың басты құндылығы. Олар үшін бұл қоғамды қалыптастыратын мәдениеттің жоғарғы сатысы: қаржы және рухани дағдарыстан алып шығатын басты құрал.
• «Креативті және жасампаз тұлға»: Қазақстанның сәтті, қарқынды және инновациялық экомикасы креативті және жасампаз жастардың көмегімен ғана қаланады. Өйткені, бұл қасиетке ие жастардың қолынан идеяларды іске асыру, әдеттен тыс шешімдерді табу және қабылдау, шығармашылық дамуға бастау мен олардың өмір салтына енгізу келеді.
• «Бәсекеге қабілеттілік»: Мемлекеттің стратегиялық міндеттеріне айналған бұл дағды жетістікке бастайтын бірден-бір жол. Бәсекеге қабілетті болу – кәсіби маман ретінде биіктердің бағындыруға мүмкіндік береді.
• «Жоғары ақпарат мәдениеті»: Ақпараттар ағыны көш бастағаннан бері адасу да, жалған мен шындықтың аражігін айыра білу де қиынға соғуда. Әсіресе, бұл этика аспектісіне келгенде ақсаңдап жатқаны жасырын емес. Жастардың дамуы барысында ақпараттардың жіктелуі, оларға сараптама жасай білуі мен қоғам талабына сай өндей білуі де басты міндеттердің қатарына кіреді.
• «Біліктілік»: Бұл бағыт бойынша жастарға мәселе төңірегіндегі сұрақтарды жан-жақты қорытып,  салмақты түрде шешім қабылдай білу міндеті жүктеледі. Мақсаттарды қоюы, орындалуы, тұлға ретінде даму барысында шексіз мүмкіндіктер алаңын қолдануы, жеке көзқарасын білдіруі де маңызды рөл атқарады.

Бүгінде жастар өз өмірлеріне аса қызығушылық танытып, өздеріне не керектігін нақты біледі және сол жолда күресуге дайын. Олар өздерінің мүмкіндіктеріне сенім артады және болашақта білім мен дағдылардың септігі тиетіндігін жақсы түсінеді.

Жастар – Қазақстан тарихының жаңа нысаны. Олар да заманауи тарих жазушылары. Президентіміз айтып өткендей, биылғы жыл – «Рухани жаңғыру» жалпыұттық бағдарламасының жалғасы. Рухани азғындалып бара жатыр деп сөгетін ғасырда өзінің ұлттық мүддесі үшін еңбек ететін, тарихын бағалайтын және болашаққа еш кіршіксіз сенетін рухты жастардың барына сенім арта отырып, оларға мүмкіндіктерге еркін қол жеткізуіне жағдай жасалуы тиіс.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы