Мәжілісте жастар саясатын дамыту жұмыстары талқыланды

Мәжілісте жастар саясатын дамыту жұмыстары талқыланды
Фото: akorda.kz

Кезекті мәжіліс отырсын ашқан вице-спикер Гүлмира Исимбаева білімді, бәсекеге қабілетті жастарды қолдау тәуелсіздік алғаннан бастап президент Нұрсұлтан Назарбаев саясатындағы негізгі бағыт екенін тілге тиек етіп, биылғы 2019 жылдың «Жастар жылы» болып жариялануының маңызын айтып өтті. 

Гүлмира Исимбаева 2018 жылы қазанда Мәжіліс өткізген «Жастарға инвестиция» халықаралық конференциясында әлемнің 35 елінен келген депутаттардың Қазақстанның 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау туралы шешімін жоғары бағалағанын назарға алып, еске салды.

Үкімет сағатында депутаттар Жастар жылын өткізу жөніндегі 80-нен астам түрлі іс-шарадан тұратын Жол картасын, оған жалпы алғанда шамамен 130 миллиард теңге жұмсау болжанып отырғанын талқыға салды. Жұмыссыздықты азайту мақсатында Жол картасында «Жас маман», «Жас кәсіпкер» сияқты бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарланған. 100 қажетті мамандық бойынша керекті мамандарды дайындау жоспарлануда.

Еске сала кетейік, мемлекет тарапынан Жастар жылында түрлі шаралар мен форумдарға 675 млн теңге жұмсалатын болды.  Қаулыны іске асыру Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігіне тапсырылған. 

Вице-спикердің мәлімдеуінше, мемлекет қолдауымен кадр даярлауға қомақты қаражат бөлініп жатыр. Мысалы, керекті кадрларды даярлауға 2 жыл ішінде шамамен 234 миллиард теңге бөлініп, жыл сайын 300 мыңдай жас маман жоғары және кәсіптік техникалық білім алып шығады.

Ресми статистикаға сүйенсек, жастар арасындағы жұмыссыздық бүгінде 82400 мың адамды құрайды. Ал Электрондық еңбек биржасы порталында жұмысқа орналастыру бойынша 34 мыңнан астам бос орын және жұмыс берушілерден 82 мыңнан астам сұраныс қарстырылған.

Одан бөлек, отырыс барысында Мәжіліс депутаттары жасөспірімдер мен жастардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды жетілдіру, азаматтардың жоғары сапалы психологиялық және отбасылық кеңес беру мүмкіндігін кеңейту туралы мәселелерге назар аударды.

Massaget