Мәскеуде қазақстандық боксшылар титулдық жекпе-жекке шығады

Мәскеуде қазақстандық боксшылар титулдық жекпе-жекке шығады

23 желтоқсан күні Мәскеудегі «Крылья Советов» спорт кешенінде қазақстандық кәсіпқой боксшылардың қатысуымен бокс кеші өтеді.

Басты жекпе-жекте жеңіліп көрмеген нокаутшы Айдос Ербосынұлы бельгиялық Илиас Ачергуимен WBO Global белдігі үшін күш сынасады.

Жеңілмеген тағы бір боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев кәсіпқой рингтегі алтыншы айқасында аса тәжірибелі филиппиндік Арнел Тинампаймен WBC Asia титулын сарапқа салады.

Әли Балоев та ешқашан сүрінбеген. Ол сегіз раундтық кездесуде эквадорлық Жан Карлос Минамен жекпе-жекке шығады.

Константин Брусенский мәскеулік Дагир Качакаевпен кәсіпқой рингтегі дебютін өткізеді.

Айта кетейік, «Event 40» бокс кешін Shamo Boxing Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – Baila