Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды

Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды

Алматыда Қазақстанның Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды.

Қала басшылығы, ардагерлер Кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, жастар ұйымдары, қала тұрғындары әскери-үрлемелі оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен Республика алаңындағы тәуелсіздіктің басты символына гүл шоқтарын қойды.

Шара барысында Алматы өңірлік гарнизонының әскерилері салтанатқа қатысушылар алдынан әскери саппен өтті.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар