Ұлт жоспары: "Бір терезе" технологиясына өту

Ұлт жоспары: "Бір терезе" технологиясына өту
Фото: vk.com

Киелі шаңырақ Қазақтанымыздың  еңсесі биік, беделі жоғары мемлекет болуы жолында жасалып келе жатқан бірегей істер өзінің оң нәтижесін беруде. Жеке ел ретінде бөлініп, жаңа өмірге қадам басқанда алда не күтері беймәлім еді. Алайда, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың игі бастамалары мен халықты оларды орындау жолында теккен тері зая кетпеді.

Осы жылы талқыланған сондай ерекше істердің бірі осы "Ұлт жоспары: бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам" болып отыр.

Әрине, оның үлкен құлшыныспен орындалып жатқаны анық. Тарих сахнасында мәғгі сақталуға бастайтын әр қадамның маңызы зор. Солардың бірі 38-қадамға тоқталып өтуді жөн көріп отырмыз.

Бұл бөлім "Экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде "БІР ТЕРЕЗЕ" қағидатын енгізу" деп аталады. Сондай-ақ, онда электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу) мақсат ретінде қойылып отыр. Экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту да қарастырылған.

Сонымен, "Бір терезе" қағидаты дегеніміз не?

Алдымен осыған тоқталып, белгілі бір деңгейде түсінік қалыптастырып алайық. "Бір терезе"  азаматтар мен бизнеске қызмет көрсету технологиясы саласы шеңберінде қолданылатын термин болып табылады.

"Бір терезе" негізінен азаматтар мен бизнестің арасында мәжбүрлеп байланыс уақытын қысқартуға бағытталған.  Аталған технология кез-келген қызметті ұсынудың бір жерде шоғырландырылуын, өтініш беруден бастап шешім қабылдау актілерінің аз уақытта оңтайлы әрі ыңғайлы жүзеге асырылуымен сипатталады.

Мысалы, көршілес Ресейде "Бір терезе қағидаты" ведомствоаралық электрондық өзара әрекеттесу жүйесінде жүзеге асырылады. Соның арқасында азаматтар мен ұйымдар көпфункционалды орталықтарда және мемлекеттік қызметтер порталында мемлекеттік қызметтер атқара алады.

"Бір терезе" технологиясын пайдаланған кезде, өтініш беруші ведомствоаралық ақпарат алмасу процесінқұпия сақтап, өтініш беруші ақпаратты жеткізу үшін курьер болудан бас тартады. Өтініш беруші ең төменгі талап етілетін құжаттар жиынтығын бір жерде, бір нысанда, бір қызметкерге, бір маманға бір-ақ мәрте жібереді. Содан кейін қызметті үйлестіру мен орындаудың барлық рәсімдері дербес жүзеге асырылады.

Бұл мемлекет пен азаматтар арасында тиімсіз курьерлер саны артпас үшін және де бір ғана ғимаратта барлық деңгейлердегі барлық органдарды орналастыру үшін, яғни, кез келген үдерістің жүру уақыты созылмай, тез әрі минимум күш жұмсау арқылы жүруі мақсатында ұсынылған.

"Бір терезе" технологиясы мемлекеттік басқару тәжірибесінде заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану (АКТ) арқылы кеңінен таратыла алады. 

АКТ мемлекеттік қызметтерді ұсыну және "Бір терезе" технологиясының бағасын төмендету аясында салыстырмалы түрде арзан ақпараттық ведомосаралық алмасуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, кеңселерді өтініш берушілер  географиялық ("негізгі-кеңселер") және ведомстволардың ("кейінгі кеңселердің") деп ақпараттарды өңдеу және шешімдер қабылдауы жөніндегі кеңселерімен өзара тез ақпарат алмасуы үшін бөлген.

Сондай-ақ, ақпарат алмасу процедураларының тиімділігін және коммерциялық немесе мемлекеттік қызметтерді ұсынудың тиімділігін арттыру маңызы зор екенін ескере кеткен жөн.

Біз әңгімелеп отырған технологияны кеңінен қолдану қазіргі заманғы ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы мүмкін болғандықтан, бұл технология электрондық үкіметтің маңызды бөлігі болып табылады.

Оның негізгі қызметтеріне физикалық кіру нүктелерін қоса, қазіргі заманғы АКТ пайдалану арқылы, интернет порталдар, сенсорлық экрандар, қоңырау-орталықтар, онлайн анықтамалық қызмет, сымсыз қатынас нүктелері және басқада құрылғылар мен терминалдар арқылы үйден шықпай жасау мүмкіндігін жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда пайдаланушыларға (өтініш берушілерге) мәмілелердің болуын және тұтыну технологиясының қарапайымдылығын қамтамасыз ету қажет болады.

Сондай-ақ, онда электронды жария ету жүйесін дамыту, экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту да қарастырылған.

Әлемдегі ең танымал сервистік басқару схемаларының бірі ретінде "Бір терезе" режимін енгізу Қазақстанның атқарушы органдарының әкімшілік реформа құрамына кіреді. Бұл өзге ТМД елдерінде де белсенді түрде дамып келеді. Бір ұйымда қажетті құжаттар пакетін алуға, бір маманға сұхбат беру, бір өтінішті толтыру және қажетті құжаттардың ең аз жиынтығын беру, сонымен қатар, барлық атқарушы биліктің ішкі байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады. "Бір терезе" қызметі басқару процесін біріктіреді, кей функциялардың қайталануын болдырмайды, мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты жақсартады, көлденең байланыстар деңгейінде жанжалдарды жояды және ынтымақтастықты нығайтады.

Өтініш берушіден талап етілетін құжаттардың тізбесін, нақты ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытуды анық көрсететін ережелермен мемлекеттік қызметтердің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ететін "Бір терезе" қызметі арқылы барлық құжаттар тізімін алуға және шығаруға болады.

Нәтижесінде әкімшілік шығындарды төмендету, азаматтардың қажетті ақпаратқа қол жетімділігін кеңейту және жеңілдету, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, мемлекеттік қызметтермен қанағаттану деңгейін арттыру, іскерлік ахуалды жақсарту, бизнесті ашу және жабу, лицензияларды алу ыңғайлы және арзанырақ болу үшін алғышарттар жасалады.

Бұл икемділік көптеген арнаулы қоңырауларға және мемлекеттік мекемелердің қызметтеріне әртүрлі физикалық немесе виртуалды қабылдау пункттеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

А. Оралқызы