Әдептілік – жемқорлықты алдын алудың бір амалы

Әдептілік –  жемқорлықты алдын алудың бір амалы
Фото: vk.com

"100 нақты қадам" ұлт жоспарында мемлекеттік қызметтің әдептілігі кәсіби мемлекеттік аппаратты құру жағдайының бір бөлшегі болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімдері туралы ұсыныстар және Әдеп кодексінің негізгі талаптары бойынша жадынамалары дайындалған болатын.

Осы Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлқының негізгі стандарттары мен сырт келбетіне қойылатын талаптар бекітілген.

Жаднамалар мазмұны мемлекеттік қызметшілерге, азаматтарға да қарапайым тілде және бағыт көрсетуші ретінде жасалды. Оны насихаттау жұмыстары да ұйымдастырылды. Әрбір азамат халыққа қызмет көрсететін тұлғалардан не күтілетінін білуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторингті және бақылауды жүргізу үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда (құқық қорғау органдарынан басқа) әдеп жөніндегі уәкілдер енгізілді. Олар мемлекеттік қызмет саласындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдарының және Әдеп кодексінің, шектеу мен тыйымдар, сондай-ақ жалпы қабылданған әдеп нормаларына сәйкес әріптестер арасында мәдениетті қарым-қатынас орнатуы бойынша кеңестер береді.

Қоғам бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейінің төмендігіне шағымдануда. Алайда, дәлелдеуші базаның жеткіліксіздігі әдептік құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік бермейді.

Осыған орай, мемлекеттік қызметшіні әдептілік құқық бұзушылығы үшін айыптаған кезде кінәсіздік презумпциясын енгізу ұсынылуда. Осы институтты енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендетіп, шенеуніктердің азаматтармен тікелей қарым-қатынасын қысқартады.

А. Оралқызы