Ұлт жоспары: Жас ұрпақ нұрлы болашаққа жетелейді

Ұлт жоспары: Жас ұрпақ нұрлы болашаққа жетелейді
Фото: vk.com

Ұлт  Көшбасшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев жылда  халыққа  өз  Жолдауын  арнап отырады. Қазіргі халық назарындағы "100 нақты қадам" реформасы, яғни, сол кезекті жолдаудың жүзеге асырылуы қарқынды жүруде. Осы орайда портал әр қадамды халыққа жеткізу мақсатында қызмет етіп келеді. Бүгін де сол қадамдардың бірегейі 89-қадамға тоқталғалы отырмыз.

Елімізді шыңға жетелер жас ұрпақтың саналы һәм тәрбиелі болып өсуінде осы реформа мақсаттарының жүзеге асырылуы аса маңызды. Ұлт жоспары – "100 нақты қадамда" мектеп қабырғасындағы білім беруде "Мәңгілік ел" құндылықтарын енгізу көзделген.

Мектептегі оқу жоспарында "Мәңгілік ел" ұлттық идеясына баса мән берілген. Елбасының "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты халыққа Жолдауында "Мәңгілік ел" ата-бабаларымыздың сан ғасырлар аңсаған арманы екендігі айтылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында: "…жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! "Нұрлы Жол", міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!" деп жастарға үлкен үміт артты.

Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде қазақстандықтардың бірлігін арттырып, жарқын болашақты меңзеген басты құндылықтар қалыптасты. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі, ұлттық береке мен бірлік, қоғамдағы келісім мен ынтымақ бүгінгі баға жетпес байлығымыз.

Осы орайда мектептердегі  барлық бағдарламалар мен тәрбиелік бағыттағы жұмыстар аталған идеяны өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған. Осыған орай, мектеп бағдарламаларына айтарлықтай өзгерістер енгізілген.

Бұл саясат сы­нақ­тардан сүрінбей өтудің ға­на емес, алдағы он­даған жыл­ды қамтитын елі­міз­дің сапа­лы дамуының ке­шенді жос­пары, болашақ­тың инф­ра­құ­ры­лы­мына жа­салған инвес­тиция екен­дігі баршаға аян.

Жастарды тәрбиелеу барысында толеранттық, бір­лік пен келісім секілді құн­дылық­тар­дың ма­ңыз­ды­лы­ғын оларға тү­сіндіру қа­жет. Жас­­тарға аға ұр­пақ­қа құрметпен қарау­дың ма­­ңыз­дылығын түсіндіру де аса маңызды.

Шындығында, жарқын болашақ – жастардың қолында. Елбасымыздың  Жолдауындағы тапсырмалар мен қойылып отырған міндеттердің стратегиялық маңызы өте зор.  

А. Оралқызы