Жұмыс нәтижесі еңбекақы мөлшерін анықтау шкаласы болады

Жұмыс нәтижесі еңбекақы мөлшерін анықтау шкаласы болады
Фото: vk.com

Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның 5 және 6 қадамына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне қарай беру көзделген. 

Яғни, ақыны өсіру және нәтиже бойынша төлеуге көшу  мақсатында төлемнің жаңа жүйесіне көшу жоспарланып отыр. 

Мысалы, факторлық-баллдық шкаланы негізге ала отырып жүргізілген іс қызметкерлердің жұмыс істеу қабілеті мен тапсырылған істі нәтижелі орындау деңгейіне байланысты әділетті ақы бөлуге жетелейді. 

Мұндай жүйедегі ақы төлем  белгіленген бөлік пен ауыспалы бөлік (бонус) негізінде құралады. Бұған көшкен ұйымдарда жүйе оң нәтижесін беріп те жатыр. Мысалы, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Астана қаласының әкімдігінде, Маңғыстау облысының әкімдігінде, Әділет министрлігінде және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде еңбек ақы 2 есеге көтерілен екен. 

Жаңа жүйе мемлекеттік қызметшілерге болашаққа сеніммен қарауға, мемлекеттік аппаратты кәсіби, құзыретті кадрлармен қамтамасыз етуге, "Біздің міндет – халыққа қызмет" атты мемлекеттік қызметшінің басты міндетін орындауға мүмкіндік береді.

Келесі, яғни, 2019 жылдан бастап бұл жүйені еліміздің барлық мемлекеттік органдарына енгізу жоспарланып отыр. 

А. Оралқызы