Ел бірлігіне жетелер жол 100 қадамнан тұрады

Ел бірлігіне жетелер жол 100 қадамнан тұрады
Фото: Fotose.com

Елбасымыз жасаған Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша “100 нақты қадам – Ұлт жоспары” оны жүзеге асыру жолында бірлесе еңбектенетін халықтың бірлігінің кепілі іспетті. Қазақстан ұлты бірлігінің күштілігі осы жылдар бойы жолыққан әр кедергіден сүрінбей өтіп, әр мақсатқа жұмыла жетуге көмектесіп келеді. 

Байқаған адамға, бүгінгі таңда әлем бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттер – біртұтас ұлттар. Біздің еліміз өзінің табысты даму моделімен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп келе жатқаны ақиқат. Бізді бірыңғай экономикалық, саяси және мәдени рет-тәртіппен өмір сүріп, дамудың ортақ мақсаттары, жеке адамның табысы мемлекеттің қуатымен және табыстылығымен ажырағысыз байланысты екендігіне деген бірегей түсінік біріктіріп ұстап отыр.

Бүгінде әлемнің барлық дамыған елдері өздерінің жаңғыртушы жобаларын бұрыннан қалыптасқан біртектілік негізінде жүзеге асырады. Қазақстанға келер болсақ, біз де осы жолға түстік. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, біртектілік пен біртұтастық саласында әмбебап стандарттар мен ұсынымдамалар жоқ. Әлемде бірде-бір ел осы саладағы сын-қатерлерге дайын рецепттерге, модельдер мен жауаптарға ие емес.

Бірлік және азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дәйектілікпен қалыптастыру жолы - біздің артықшылық. Қазақстандықтардың азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын нығайтуға бағытталған төртінші реформаның мәні де дәл осында. Бізде қазірдің өзінде екі негіз бар, оларды дамыта отырып, біз өзіміздің Болашағы Біртұтас Ұлтты дәйекті түрде нығайта беретін боламыз.

Бірегей Ұлттық мерекелер күнтізбесін құру бойынша жұмыс жоспары да өзекті. Қазақстандық БАҚ-тарды жаңғырту, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету, бірқатар мәдени-білім беру және ақпараттық жобаларды жүзеге асыру жоспарлары жүзеге асырылатын болады.

А. Оралқызы