Халық татулығы – ұлт жоспарының оң нәтижесіне кепіл

Халық татулығы – ұлт жоспарының оң  нәтижесіне кепіл
Фото: vk.com

Қай уақытта Қазақстан осы жерді мекен еткен ұлттар достастығымен танымал болды. Болашаққа жасалған қадам халық біртектілігі мен бірлігі негізінде ғана нәтижелі болатынын ел азаматтары жақсы біледі.

"Мәңгілік Ел" атану жолында тынымсыз еңбектеніп келе жатқан Елбасымыз мемлекет шеңберінде және одан тыс жерлерде көптеген реформалар ұсынып, олардың жүзеге асуын қадағалап келеді. Ал осы орайда нәтиже көрсетуі үшін қадам халық біртектілігі мен бірлігінің мықтылығы айтарлықтай рөл атқаратынын анық. 

Жаһандық даму әлсіз елдерді тарих сахнасынан ысырып таптауға қауқарлы. Осы көште алда келе жатқан елдерден озбағанның өзінде ілесіп отырудың өзі оңайға соқпайды. Десе де, тәуелсіз Қазақстан жұрты діттеген жолынан тайған емес. Бұл орайды елбасының салиқалы саясаты негізінде құрылған ұлттық жоспардың бағдар ретінде сілтеген жолымен қарқынды жүріп өту керек.

Әлемнің озық елдерінің қатарына қосылу – тұтас ұлттың арманы. Еліміз өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша “100 нақты қадам – Ұлт жоспарын” жасаудан бастады.

Тәуелсіз еліміздің өмір жолында бұдан да үлкен қияндықтарды бағындырып келген ұлт үшін бұл жоспарды жүзеге асыру сынақ болмасы анық. Біздің бәріміз жаңғырудың тек қуатты мемлекет пен Ұлттың топтасқандығы жағдайында ғана табысты болады, тәртіп сақталуы да шешуші рөл атқарады.

Осы орайда Мемлекет басшысы біріншіден, "Мәңгілік Ел" патриоттық актісін дамыту; екіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясының "Үлкен отбасы - үлкен мемлекет" ауқымды жобасын жүзеге асыру; үшіншіден, "Менің елім" азаматтық біртектілікті нығайту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және енгізу; төртіншіден, жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және енгізу; бесіншіден, "Нұрлы Болашақ" жобасын әзірлеу және енгізу; алтыншыдан, ақпараттық қолдау және бес институттық реформаның жүзеге асырылуына жәрдемдесу сынды тапсымалар берді.

Қазақстандық қоғам адалдық, азаматтық теңдік, зайырлылық, толеранттылық сынды құндылықтар негізінде бірлікте өмір сүріп келеді. Бұл тұрақты құндылықтар әрбір қазақстандықтың өмір салты, күнделікті өмірдің бөлігі болып табылады.

Қазіргі таңда  Елбасының бірлік, бейбітшілік, келісім және қазақстандық патриотизм идеяларын қолдайтын жас қазақстандықтардың саны артып келе жатқандығына ерекше назар аудара кету керек. Себебі, жастар болашақта стратегиялық құжаттарда қойылған міндеттерді орындауға, елді дамытуға, жаңа экономикалық және саяси жетістіктерге жетуге негізгі себепкер болады.

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  “100 нақты қадам – Ұлт жоспарының” жүзеге асуына осы елді мекен етуші түрлі ұлт өкілдерінің өзара татулықта болуы елімізді дамыту жолында атқарылған істің  оң нәтижесін, зейнетін көруге бастайды. 

А. Оралқызы