100 қадам: Әр азамат әл-ауқатының артуы – алғашқы нысан

100 қадам: Әр азамат әл-ауқатының артуы – алғашқы нысан
Фото: vk.com

Елбасымыздың сындарлы саясаты қашан да еліміздің әр азаматын бағалап, оның әл-ауқатын арттыруды ең бірінші орынға қойып келгені баршаға мәлім.

Отанымыздың тәуелсіздікке қол жеткізгеніне ширек ғасыр уақыт өтсе де, тарих сахнасында ұлт ретінде орныққан орны бар. Бұл, ең алдымен, осы елдің, осы ұлттың әр азаматының бәсекеге қабілеттілікке кепіл болатын әлеуметтік жағдайының жоғарылығынан болса керек.

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  “100 нақты қадам – Ұлт жоспары”  атты ұсынысында түрлі саланың қай-қайсысы да тек сапалы өмір сүретін азаматтар күшімен ғана дамитыны айтылады.

Осы мақсатпен Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі қабылданды. Ол Халықаралық еңбек ұйымы еңбек стандарттарына негізделген. Еңбек шарты жағдайларын өзгерту ресімдері заңнамалық тұрғыда оңайлатылған, еңбек ұжымдарында өзін өзі басқару жүйесін енгізу бойынша шаралар, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің ұжымдық келіссөздері тетігі қарастырылған. Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам әлеуетінің сапасын арттыруға жағдай жасайды.

Мектепке дейін және мектепте білім берудің жаңа үйлестірілген стандарттарын даярлау және бекіту бойынша жүрігізіліп жатқан жұмыстар білім беру саласына жаңалықтар алып келді. Ендігіде білім беру үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін болады.

Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу – тұрғындардың денсаулығын сақтау саласындағы басты міндет. Медициналық көмек көрсету саласында өзара бәсекеге қабілетті жеке медициналық орындардың пайда болуы оның көлемін ұлғайтады және денсаулық сақтау қызметінің сапасы да осының негізінде артады. Медициналық қызметтің сапасы бойынша бірлескен комиссия құрылып, жұмыс барысын қадағалап отырады. Медициналық мекемелерде басқарудың корпоративтік моделін енгізу қарастырылған. Мұндай көмек табыстары Қазақстанның әр отбасы мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайыз төмен отбасыларына көрсетілетін болады. 

Қорыта айтқанда, жаңа әлеуметтік саясаттың аса маңызды қыры адам әлеуетін дамытуға инвестициялардың біртіндеп өсіп отыруына байланысты болмақ. 

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  “100 нақты қадам – Ұлт жоспарының” әр қадамы мінсіз орындалып, жүзеге асуына басты себепкер мен қозғаушы күш болып отырған еліміздің халқы атқарылған істің  оң нәтижесі өз өмірінің сапасын арттыруға қызмет ететінін жақы түсінеді.

А. Оралқызы