Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия

Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия
Фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасының Президенті 2015 жылы 20 мамырда бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам ұсынды. Оның 82-қадамы бойынша Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қасынан медициналық қызмет сапасы бойынша Бірлескен комиссия құрылу керек болатын. 

Бұл Комиссия Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жанындағы кеңесші орган ретінде болады. Комиссияның басты мақсаты медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу болып келеді. Оның ішінде медициналық қызметтерді стандарттау және клиникалық хаттамаларды әзірлеу бойынша, медициналық технологияларды бағалау бойынша, медициналық білім беруді жаңғырту бойынша, медициналық көмектің сапасы бойынша және формурлярлық комиссияның қызметі бойынша сұрақтармен топ-топ адамдар жұмыс істейді. 

Олардың міндеті – медициналық білім беру, дәрілік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы сапаны бақылау жөніндегі ұсыныстар айту. 

Комиссия отырысы ашық түрде өтеді. Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының күн тәртібін, талқыланған мәселелерді Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы сайтынан қарауға болады.

А. Жапатова