"Қоғам және жастар" атты кездесу өтті

"Қоғам және жастар" атты кездесу өтті
Фото: Aibek Bakbergenuly

Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, Алатау ауданы AlmatyZhastary жастар орталығының ұйымдастыруымен "Қоғам және жастар" атты кездесу өтті. 

Кездесуге "Нұр Отан" партиясы Алатау аудандық филиалының өкілі Есенбай Қордай Сансызбайұлы және Л. Б. Гончаров атындағы қазақ автомобиль-жол акaдемиясының проректоры Рамазан Бекбол Батыржанұлы келді. 

Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалар, партиялық жобалар және жастарға арналған түрлі мүмкіндіктер жайлы әңгімелер қозғалды. Елбасының бастамасымен және қолдауымен әлеуметтік бағдарламалар қолға алынып қана қоймай жүзеге асып келеді. 

Соның ішінде жастарға, жас отбасыларға деген қолдау, мүмкіндік ұшан теңіз. Бір өкініштісі бұл бағдарламалар жайлы жастардың көпшілігі біле бермейді. Қоғам мен билік арасында алтын көпір бола білген жоғарыдағы азаматтар сол олқылықтың орнын толтыру үшін жастарға толық мағлұмат берді. Кездесуге келгендер көкейтесті сауалдарына жауап алысып тарқасты.

Т. Раушанұлы