Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Еліміздегі жолы болғыш адамдар қай аймақта тұрады?

Еліміздегі жолы болғыш адамдар қай аймақта тұрады?

Еліміздегі жолы болғыш адамдар қай аймақта тұрады?

Қазақстандағы лотерея операторы «Сәтті Жұлдыз» еліміздің лотереяда ең жолы болғыш және ең белсенеді адамдары тұратын аймақтарды атады.

Ең жолы болғыш тұрғындары бар аймақ ретінде БҚО-ның орталығы Орал қаласы танылды. Орал қаласы сатып алынған билеттердің саны бойынша ең соңғы орында болғанына қарамастан, қала тұрғындары ұтып алған сома сатып алу сомасынан екі есеге көп. Орал қаласының тұрғындары 1,8 млн теңгеге билет сатып алған болса, ұтыстардың сомасы 3,5 млн теңгені құрайды. Тізімде екінші болып Көкшетау қаласы орналасқан. Бірақ Орал қаласынан бір айырмашылығы, ол сатып алынған билеттердің қала тұрғындарының санына ара қатынасын есептегенде, сатып алу сомасы жағынан тізімді бастап келеді. Бұл қалада билет сатып алу сомасы 5,7 млн теңге, ал ұтыс сомасы 11 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, Семей және Тараз тұрғындарының бірдей дәрежеде жолы болатынын атап өткен жөн, олар сәйкесінше 3-ші және 4-ші орындардан көрінді. Семей тұрғындары сатып алу сомасы 8,8 млн теңге бола тұра, 16 млн ұтысқа ие болған. Ал тараздықтардың ұтыс сомасы 17 млн, сатып алу сомасы 9,8 млн теңгені құрайды. Қазақстанның ТОП-5 ең жолы болғыш тұрғындары бар қалаларының тізімін Өскемен қаласы аяқтайды. Өскемендіктер 6 056 700 теңгеге билет сатып алып, 9 040 680 теңге ұтысқа қол жеткізген.

«Сәтті Жұлдыз» еліміздегі лотереяда ең белсенді ТОП-5 қаланы атады. «Сәтті Жұлдыз» лотереясына ең белсенді қатысатын аймақ – Көкшетау. Батыс Қазақстан өңірінен Ақтау қаласы екінші орында орналасқан. 3-ші орынға еліміздің елордасы Астана қаласы ие болса, 4-ші орын бірден екі қала – Қарағанды және Қызылордаға бұйырды. Бес ең белсенді қалалар тізімін Семей және Тараз қалалары қортындылайды.

Тұрғындардың саны мен сатып алу және ұтыс сомасының ара қатынасын есепке алмағанда, еліміздің ең ірі мегаполисі Алматы қаласы көш бастап келеді. Мұнда 54 млн сомаға сауда жасалып, ұтыс сомасы 60 млн теңгені құраған.

Жалпы алғанда, сынақ сатылым кезеңін есептемегенде, «Сәтті Жұлдыз» лотерея операторы қазақстандықтарға 240 млн теңгеден астам ұтыс берген.

*Ескерту: деректер қала тұрғындары санының ұтыс пен сатып алу сомасына ара қатынасын есепке ала отырып келтірілген. Еске сала кету керек, 2018 жылдың сәуір айына дейін«Сәтті Жұлдыз» лотерея операторы сынақ режимінде жұмыс істеді.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Асемгуль Сыздыкова
Қосылған күні: 24 шілде 2018, 09:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.