Назарбаев Астананың іргесін алғаш қалаған азаматтармен кездесті

Назарбаев Астананың іргесін алғаш қалаған азаматтармен кездесті
Фото: https://elements.envato.com/

Елбасы Астананың іргесін алғаш қалаған азаматтармен кездесті. Мемлекет басшысы шараға қатысушылармен әңгімелесіп, оларды елорданың 20 жылдығымен құттықтады.

Қазақстан Президенті Астананы салуға және дамытуға атсалысқан тұлғалардың бәріне ризашылық білдірді. "Елорданың бүгінгідей дәрежеге жететініне көпшілік сенбеген еді. Баршаңызға алғысым шексіз. Сіздер қажырлы еңбек етпегенде, мен бұған қол жеткізе алмас едім. Сіздердің сіңірген еңбектеріңіз болашақ ұрпақтың жадында сақталады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөз:Tengrinews.kz 

Т. Раушанұлы