Инновациялық индустриализация – ұлт жоспарын жүзеге асырудың заманауи құралы

Инновациялық индустриализация – ұлт жоспарын жүзеге асырудың заманауи құралы
Фото: vk.com

Тарих сахнасында ұлт ретінде мәңгілікке орнау үшін мемлекеттің жаһандық даму көшінен қалмауы маңызды. Бұл елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатында негізгі мақсат ретінде қойылып, оның жолында түрлі реформалар жасалып келеді. Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша “100 нақты қадам – Ұлт жоспары” да осының дәлелі. Түрлі сфераны қамтитын жобада экономиканың бірқатар перспективалы секторларын дамыту бағытында шаралар қарастырылған.

Мысалы, бірінші болып электр энергиясы секторына және энергиялық тиімділіктің өсуіне қатысты қадамдар жасалады. 

Жеке энергия сервистік компанияларды дамытуды белсенділендірудің, оларды энергия үнемдеу саласына қызметтер кешенін ұсынуға ынталандырудың маңызы зор. электр энергетикасының негізгі міндеті – елдің тұтынушыларын электр энергиясымен сенімді жабдықтау. Электр энергетикасы саласындағы заңнамадағы өзгерістер энергия өндіруші ұйымдарға «бірегей сатып алушы» моделін енгізу арқылы негізгі қорларды жаңғыртуға, қайта құруға, ұлғайтуға және жаңартуға салынған инвестицияларды қайтаруда ұзақ мерзімді кепілдіктер беруді қамтамасыз етуді көздейді.

Энергия мен жабдықтау сенімділігін арттыру және түпкі тұтынушылар үшін электр энергиясы бағасының бақылаусыз өсуінің алдын алу үшін өңірлік электр желілік компаниялар мен электрмен жабдықтаушы ұйымдарды нығайту бойынша жұмыс жүргізіледі.Ол салаға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызып, электр энергиясының халықаралық ағындарын ішкі тұтынушылар пайдасына қарай реттеуді қамтамасыз етеді, саланы мемлекеттік басқару сапасын арттырады. Біз ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру бойынша жұмыстарды жалғастыра береміз.Бұл орайда бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы өндірістердің сыни массасын өсіруге қол жеткізу маңызды.

Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығының нәтижелері бойынша бірқатар шешуші көрсеткіштерге қол жеткізіледі. Бизнестің инновациялық белсенділігі 20 пайызға дейін, инновациялық өнімдер үлесі 2,5 пайызға дейін артады.

Көлік тасымалдары жүйесі мен транзитті дамыту мақсатында, «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасында қаралғандай, республикалық маңыздағы 7 мың шақырымнан астам автомобиль жолдары қайта жаңғыртылатын болады.  Оларда ақы алу жүйесін енгізу жоспарланған.

Азаматтық авиация саласында әуе тасымалдары, ең алдымен, отандық тасымалдаушылардың транзиттік әлеуеті мақсатты түрде ұлғайтылатын болады. Әуе тасымалдарының рентабельділігін арттыру үшін Алматы маңында халықаралық авиациялық хаб құрылады.

Туризм сияқты перспективалы салада негізінен әкімшілік кедергілерді төмендету, жаңа туристік нысандар мен маршруттарды дамыту, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру есебінен айтарлықтай өсімге қол жеткізу қарастырылуда.

А. Оралқызы