Ұлт арманы – көшбасшы 30 ел қатарына қосылу

Ұлт арманы – көшбасшы 30 ел қатарына қосылу
Фото: vk.com

Жаһандық даму әлсіз елдерді тарих сахнасынан ысырып таптауға қауқарлы. Осы көште алда келе жатқан елдерден озбағанның өзінде ілесіп отырудың өзі оңайға соқпайды. Десе де, тәуелсіз Қазақстан жұрты діттеген жолынан тайған емес. Бұл орайды елбасының салиқалы саясаты негізінде құрылған ұлттық жоспардың бағдар ретінде сілтеген жолымен қарқынды жүріп өту керек.

Әлемнің озық елдерінің қатарына қосылу – тұтас ұлттың арманы. Еліміз өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша “100 нақты қадам – Ұлт жоспарын” жасаудан бастады.

Бұл 100 қадам елімізді, экономикамызды, қоғамды өзгертетін тарихи мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған болып саналады. Ғаламшардағы ең алдыңғы қатарлы елдермен біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес келетін елді дамыту, экономикалық өсім мен отандастарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында жағдайлар қалыптастырады.

Осының нәтижесінде еліміздің жағдайы әлдеқайда тұрақталып, көркейе түседі деген зор үміт бар. Осы жылдар аралығында Бес институттық реформаның жүзеге асырылуы бойынша орасан зор жұмыс атқарылды.

Бұл жұмыс президент Жарлығы бойынша құрылған Жаңғыртулар жөніндегі ұлттық комиссияның басшылығымен жүргізілді. Кейін сарапшылармен, саясаткерлермен, бизнес және қаржы ұйымдарының басшыларымен бірқатар кеңес өткізілді.

Жалпы, президенттің Елімізді тұтас жаңғырту жолында қойған мақсат-міндеттерінің бәріне жан-жақты қолдау көрсетілді. Әлеуметтік сауалдамалар да Ұлт жоспарының барлық бес реформасына тұрақты жоғары қолдау көрсетіліп келе жатқанына күмән келтіруге жол бермейді. Қазірдің өзінде барлық қажетті заңдар қабылданды және заңдық күшіне енді.

Дайындаған Молдажан Жанерке

А. Оралқызы