Facebook желісіндегі ең белсенді 10 қазақстандық

Facebook желісіндегі ең белсенді 10 қазақстандық
Фото: blog.aimg.com

Facebook әлеуметтік желісі қазіргі таңда ең маңызды ақпараттарды таратушы, кез келген буын отырып өзіне керегін алуға, оқуға арналған орта. Марк Цукербергтің жетекшілігіндегі әлеуметтік желінің жыл сайын дамып жатқаны, ақпараттық кеңістіктің тоқтаусыз жұмыс жасауы адамдардың тез әрі сапалы контенттерді алуына септігін тигізіп жатыр. 

2018 жылдың қаңтар айында шыққан статистикалық мәлімет бойынша Facebook желісі қазақстандық ең белсенді және ең көп жазылушысы бар 100 есімді ұсынған. Солардың ондығымен таныс болыңыз. Көш басында елімізге белгілі режиссер, продюсер Нұртас Адамбай тұр. Оның 59 685 жазылушысы бар. 

2. Ғазиз Тортбаев 
Жазылушысы: 56 258 

3. Аружан Саин 
Жазылушысы: 45 184 

4. Әлішер Елікбаев 
Жазылушысы: 41 988 

5. Асель Баяндарова 
Жазылушысы: 40 028 

6. Ержан Рашев 
Жазылушысы: 39 501 

7. Мұхамеджан Тазабек 
Жазылушысы: 37 490 

8. Мұрат Әбенов 
Жазылушысы: 36 758 

9. Мұхтар Әблязов 
Жазылушысы: 36 452 

10. Мұхтар Тайжан 
Жазылушысы: 35 608 

Одан кейінгі қатарларды 33 265 жазылушысымен Баян Мақсатқызы бастап елімізге белгілі тұлғалар, кәсіпкерлер мен блогерлер жалғастырып тұр. 

М. Ақан