БЖЗҚ: зейнетақы қорына дағдарыс үдерістері әсер ете ме?

БЖЗҚ: зейнетақы қорына дағдарыс үдерістері әсер ете ме?
Фото: vk.com

Еліміздің әлемнің үздік мемлекеттері қатарына қосылуы жолында аянбай еңбек еткен әрбір азамат қартайған шағында құрмет демалысына шығып, зейнетақысын алады. Зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінен төленеді. Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындау және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңымен, басқа да заң актілерімен айқындалады. Әр азаматтың зейнетақы жинақтау қорының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігін мемлекет өз міндетіне алған.

Десе де қарапайым жұртшылық бұл жүйеден қажетті деңгейде сауатты болмағандықтан әлемдік экономикада орын алып жатырған кез-келген келеңсіз жағдайларға елең етіп отыратыны рас. Осы себепты, зейнетақы жинақтарына дағдарыс үдерістері мен құнсыздану сынды өзге де негативті жағдайлардың әсер ету-етпеуі әркімді де мазалайтын мәселе. Бұған қатысты Қазақстан Республикасы азаматтарының зейнетақы жинақтарын қорғау және оларды индекстеу тетігі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында  тұжырымдалған. Жинақтарды сақтау бойынша мемлекеттің осындай тікелей жауапкершілігі әлемнің өзге елдерінде кездеспейтін ерекше жүйе екені рас.

Зейнетақы жинақтарын Қазақстан экономикасындағы құнсыздану деңгейін ескере отырып сақтау жауапкершілігін мемлекет өз мойнына алды. Заңның 5-бабына сай мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі құнсыздану деңгейін ескере отырып, нақты салынған жарналар мөлшерінде сақтауға кепілдік береді. Бұл бап зейнетақы жинақтары бойынша жинақталған табыстылық деңгейі жинақталған құнсыздану деңгейінен төмен болған жағдайда қолданылып жүр және қолданыла береді. Төлемге құқығы бар азаматтар мемлекеттік бюджеттен тиісті өтемақы алады. 

А. Оралқызы