Қазақстанда көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі

Қазақстанда көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі
Фото: google.com

Елімізде көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі 2020 жылға қарай құрылады. Бұрын зейнетақыны тек мемлекет төлеп келген болса, енді құрылымдық өзгеріске сәйкес зейнатақыны төлеу үшін үш субъект жауапты болады: мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы. Бұл ретте әр азамат өзінің жауапкершілігін білуі тиіс.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мемлекет өз тарапынан барлық зейнетақы төлемдерін төлеп келетінін және оның көлемін арттыру мәселесін де қолға алып жатқанын айтты.

«Біз бәріміз жұмысшы ретінде жалақымыздан 10 пайыздық жарнамызды төлеп келеміз. Ендігі кезекте өзгерістерге сәйкес  2020 жылдан бастап жұмыс беруші өзінің қаражаты есебінен қосымша 5 пайыз төлейді»,– деп пікірін білдірді Тамара Дүйсенова.

Г. Берік