Ресей халқы Қазақстаннан соққан желді "Назарбаев желі" деп атайды

Ресей халқы Қазақстаннан соққан желді "Назарбаев желі" деп атайды
Фото: kaz.tengrinews.kz

Астрахан губернаторы Жилкин Қазақстан Президентін құттықтады, - деп хабарлайды "Каспий жаңалықтары" басылымы.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығының арқасында тек Ресей мен Қазақстанның арасындағы әріптестік емес, сондай-ақ шекара бойындағы өңірлермен де жақсы қарым-қатынас орнатылды. Ал жыл сайын өткізілетін форумдар түрлі саладағы жобалардың нақты жүзеге асырылуына көмектеседі. Нұрсұлтан Назарбаев біздің облыста бірнеше рет болды. 2011 жылғы сапарында ол облыста жаңа ашылған опера және балет театрын көріп қайтқан еді", - деді Александр Жилкин.

Сонымен қатар, губернатор Жилкин Нұрсұлтан Назарбаевтың Астрахан облысы Алтынжар ауылында ұлы күйші Құрманғазының кесенесін салуға көмектескенін айтып өтті.

"Қазақстанмен көрші елдердің жолы болды. Міне, осымен бірнеше жыл бойы мемлекетті саясаткер басқарып келеді. Қазақстан Президентін әлем мойындады. Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік-экономикалық дамуға арналған "Қазақстан - 2050" стратегиясы міндетті түрде жүзеге асырылады. Ал біз оған сәттілік тілейміз және көрші ретінде әрқашан көмектесеміз", - деді губернатор.

Дерек көзі: kaz.tengrinews.kz

B. ZHAQSYMBET