Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Жанұя, туыстық қатынастар туралы мақал-мәтелдер

Жанұя, туыстық қатынастар туралы мақал-мәтелдер

Жанұя, туыстық қатынастар туралы мақал-мәтелдер

Тәрбие – тәлімнен.

***

Өнегелі отаудың өрісі кең.

***

Келіні жақсының керегесі алтын.

***

Сүйіктің жоқта дүние суық.

***

Баталы сөз – балаға азық.

***

Адам болар жігіттің,

Жары өзіне лайық.

***

Керуен бастар жігіттің,

Нары өзіне лайық.

***

Алып – анадан,

Ат – биеден.

***

Екі жақсы қосылса,

Ай мен Күндей жарасар.

***

Екі жаман қосылса,

Ырылдасып таласар.

***

Елуінде – ер дана,

Елуінде – ел жаңа.

***

Туысы бірге кетпейді,

Түбі бірге түтпейді.

***

Жалғыз ағаш үй болмас,

Жалғыз жігіт би болмас.

***

Ағайынды жігіттің отарында малы бар,

Жалғыз – жарым жігіттің шығыр – шықпас жаны бар.

***

Көп ақымақтың ағасы болғанша,

Көп ақылдының інісі бол.

***

Ағайында өкпе бар да, кек жоқ.

***

Ағайын – ағайынның айнасы.

***

Ағайын туған кімде жоқ,

Сыйласпаса одан жат жуық.

***

Үйдің жылы – суығын қыс түскенде білерсің,

Кімнің жақын – алысын іс түскендн білерсің.

***

Жыласуға көз жақсы,

Сыйласуға жат жақсы.

***

 Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,

Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.

***

Ат арқасына ер батса,

Аяңшыл болады.

Ерге жаттың тізесі батса,

Ағайыншыл болады.

***

Тумаң туысқандай болмайды,

Тұрман құйысқандай болмайды.

***

Туысы жақын жақын емес,

Қонысы жақын жақын.

***

Жақыныңды жаттай сыйла,

Жат жанынан түңілсін.

***

Қай қолыңды кессең де,

Жанға батуы бірдей.

***

Арық деген жаман тай,

Жазға шығып ат болар.

***

Жамандығың сезілсе,

Жақын кісі жат болар.

***

Төбелеске бергісіз араша бар,

Ағайынға бергісіз жанаса бар.

***

Ағайында алтау болсаң адам тимейді,

Тура жүрсең, лебізің күймейді.

***

Жеткіншектей айырылған,

Жер таянбай тұрмайды.

***

Көлденең кісі көңілге қарамайды.

***

Адам сөйлескенше,

Жылқы кісінескенше.

***

 Сыйынғанныңнан сүйенгенің күшті болсын.

***

 Бас жарылса, бөрік ішінде,

Қол сынса, жең ішінде.

***

Мыңнан жүзін білгенше,

Бірдің атын біл.

***

Бір көрген біліс,

Екі көрген таныс.

***

Келер кезек, терме тезек.

***

Көрмесе жат, көріспесе ұят.

***

Айға жетпес асыңды,

Ауылдастан аяма.

Форумда талқылау

Сурет kaliolla.com сайтынан алынған

15765 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 10 ақпан 2012, 09:00
Пікірлер
+0
10 ақпан 2012, 11:35

"Сүйіктің жоқта дүние суық." Рас-ау.

+0
14 ақпан 2012, 09:42

Бәсе неге көңіл-күйін жоқ деп ойлап жүрсем)))))))

+0
14 ақпан 2012, 12:08

Жұмыстағы көңіл-күйіме менің жеке өмірім әсер етпейді ))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...