Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Орға құлаған аңшы

Орға құлаған аңшы

Орға құлаған аңшы

Бір топ аңшы тауға аң аулауға шығыпты. Ішіндегі бірі аңның қызығына әбден түсіп, назары ауған шақта терең қазылған орға құлап кетеді. Оның оң қолы, екі аяғы сынады.

Ор тым терең, әрі құлама тік еді. Үстіндегілері не істерлерін білмей дағдарып қалды. Оның бағына қарай ор қабырғасында бірнеше түп шөп бар екен. Аңшы ақырындап ор қабырғасын жағалап, сол қолымен әлгі шөптерден ұстады да, оны аузымен тістеп, жоғары қарай ақырын жылжи бастады. Ор сыртындағыларға бұл жақта қандай жағдай болып жатқаны белгісіз еді. Көрінбейтін-ды. Оған айғайлап дем беріп тұрды. Олар оның сұлбасын көре бастағанда, шыдай алмай оның қал-жағдайын талқылай бастады.

«Ойпырай, ол шыдай алар ма екен деші?!»

«Жағдайы тым нашар сияқты, оның қол-аяғы сынып қалған болар...»

«Дұрыс айтасың, анау кішкентай шөптер оның денесін көтере алар ма екен?!»

«Өкінішті-ақ, ол құлап кетіп өлсе, соңында қалған мал-мүлікке кім ие болар екен?!»

«Кәрі шешесі мен әйеліне қалай жеткізер екенбіз...»

Орға құлаған аңшы мүлде шыдамы таусылды, ол: «Ауыздарыңды жабыңдар!» деп қатты айғайлады да, дәл сол сәтте орға қайта құлап кетті. Ол орға құлап, өзінің енді бұл дүниелік емес екенін сезе бастаған шақта, ор жиегінде тұрғандардың аузынан: «Айтпадым ба, ол мүлде шыға алмайды деп, міне, не болды енді...» деген сөздерді естіп қалды.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: fineartamerica.com

2115 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 16 сәуір 2013, 17:52
Пікірлер
+0
17 сәуір 2013, 02:01

Егер бір адамға күн сайын "сен шошқасың!" деп айтсаң, ол бір аптадан кейін қорсылдай бастайды деген бар. Айтылған сөздің адамға әсерін ұмытпау керек)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...