Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Қарызға бір доллар беріңіз

Қарызға бір доллар беріңіз

Қарызға бір доллар беріңіз

Бағалы киім, кез келгеннің қолы жете бермейтін сағат тағынған орта жастар шамасындағы ер кісі банк есігін аттады. Салауатты адамның басынан-аяғына дейін зер сала қараған банк қызметкері ол кісіден ілтипатпен қандай көмек керек екендігін сұрады.

- Азырақ қарызға ақша алайын деп едім.

- Әбден болады. Қарызға қанша ақша аласыз?

- Бір доллар.

- Бір доллар ғана дейсіз бе?

Ол таң қалған бейнеде қайта сұрады.

- Маған қажеті бір доллар ғана. Бересіздер ме?

Оның бұл тұрысында сөзсіз бір сырдың жатқанын іші сезген банк қызметкері қызмет өтеу сапасын тексеруге келген болуы мүмкін деген ойға келеді. «Әрине қарыз беріледі. Тек кепілге қояр мал-мүлкіңіз болса болғаны».

- Жарайды.

Әлгі кісі сөмкесінен бір топ жарна билеттерін алып шықты.

– Осыларды кепілге қойсам бола ма?

Банк қызметкерлері бір-бірден санап шыққаннан кейін: «Мырза, жалпы құны 500 мың АҚШ доллары тұрады екен. Кепіл қаражатқа әбден жеткілікті. Бірақ, мырза, сіз осыншама құнды дүниені кепілге қойғанда, тек бір доллар ғана қарыз аласыз ба?»

- Иә, бір доллар ғана қарыз аламын. Мәселе бар ма?

- Жоқ, мәселе жоқ, құжаттарыңызды реттейін. Алған қарызыңыздың жылдық өсімі 6% болады. Бір жылдан кейін қарызды өсімімен қоса қайтарған кезде кепіл заттарыңыз қайтарылады.

Кейін кетуге ыңғайланған кісінің соңынан банк директоры ілесе шықты. Бұл әрекетінің байыбына бара алмаған директор: «Мырза, кешіріңіз, сізден сұрауыма бола ма?»

-  Әрине болады.

- Мен осы банктың бастығымын. Сіз 500 мың долларлық қорыңызды мұндай қойып, не үшін бір доллар ғана қарыз алдыңыз?

- Жарайды, сізге шын сырымды айтайын. Мен бұл қалаға бір шаруалармен келген едім. Шаруам бітті. Жарна билеттері мен құнды қағаздарды алып жүру қолайсыз, әрі қауіпті. Ақша және құнды дүниелерді сақтайтын арнайы мекемелерге барып ем, бағалары тым қымбат екен. Сондықтан осылай істедім. Банкке сақтауға бердім. Оның үстіне өсімі де тым арзан, бар болғаны жылына алты-ақ тиын өседі.

Банк директоры ұйқыдан оянғандай селк етті. Оның парасатына тәнті болды. Әлемге аты шыққан саудагер банк директорымен қош айтысып, өз жолына түсті.

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: 127tv.com

1812 6
Рейтинг: +3

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 18 сәуір 2013, 13:46
Пікірлер
+0
18 сәуір 2013, 14:00

Авторға көп рахмет. ой саларлық дүние екен

+0
18 сәуір 2013, 14:45

Шетелге көп шығатындар машиналарын өстеді екен, яғни кепілге қояды, өйткені кепілге қою ақшасы ол машинаның қауіпсіз тұраққа қою ақшасынан пәленбай есе аз болып шығады. Міне, жұмыс істейтін бас!

+0
18 сәуір 2013, 14:47

осылай ойлау керек)

+0
18 сәуір 2013, 17:28

басы істейді екен ))

+0
22 сәуір 2013, 19:35

расыменде басы істейді екен :lol:

+0
23 сәуір 2013, 19:22

Басты істету керек екен ә! :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...