Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Мұхтар Әуезовтің қойын дәптерінен

Мұхтар Әуезовтің қойын дәптерінен

Мұхтар Әуезовтің қойын дәптерінен

  • Ас тасыса, қатығы төгілер, ашу тасыса, ақылы төгілер.
  • Қойды қой деп қомсынбаңдар, қойсыз елге үй бітпейді.
  • Ердің тамаша әрекеті көз алдында істеліп жатқан шағында онша бағаланбайды. Көбінше ол ер сол істің үстінде қаза тапса, қатерге кетсе, сонда ғана жұрт көңілі оның ерлік қасиетін дуылдай мақтай жөнеледі.
  • Кейбір жоқшылық пен мұқтаждық сорына ұшыраған жандарды көргенде, өзіңнің амандығың мен бақытың үшін ұялғандай боласың.
  • Көркемөнердің міндеті — табиғатқа еліктеу емес, оның сырын ашу.
  • Ой үстіндегі түйіліп қалған бір адам жарқыраған толқындардан көз алмай тұр: Көз шыдап болмас жарық болса да жалтармайды. Рас болса, жарқыраған күнге бүркіт көзі таймай, жасымай қадала қарайды дейді ғой.
  • Жағымпаз, тынымсыз бір сорақы тыпырлап, жалбақтап, дөңгеленіп құйтыңдағанда, өзін табаға салып пісіріп жатқандай бұлталаңдайды.
  • Сүйген шақта біздің ақылсызданып, ақымақ боп кететініміз де болады.
  • Түлкі арыстанға: Менің күшігім қандай көп, жыл сайын табам және көп-көптен табам. Сенікі не, бәрі біреу-ақ, — дегенде, арыстан: Біреу де болса, ол арыстан ғой, — депті.
  • Жігітті жылы сөз ширатпайды, сын ширатады.
  • Не керек? Ой керек... Ойсыздық қатер... Жасқа да, кәріге де бір шарт, жалғыз шарт: ішіндегі өзіңнің шыныңды, өз көңіл төріндегі шыныңды (шын) шалғандай, орағандай ойың қайда? Үлкен шығарманың үлкен сырынан, шыңынан соның білінсін... Шығарма – қарақ суынан суарылған, әр жанның өз түп-түкпірінде туған меруерті болсын.
  • Кейбір жеке әзіл ретінде қолданатын арнаулы сөздер: жансебіл, иісалмас, итжемес, алақұйын, аласұр.

  

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: lifesecrets.in.ua

1919 3
Рейтинг: +4

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 03 сәуір 2013, 11:47
Пікірлер
+0
03 сәуір 2013, 13:58

Түлкі арыстанға: Менің күшігім қандай көп, жыл сайын табам және көп-көптен табам. Сенікі не, бәрі біреу-ақ, — дегенде, арыстан: Біреу де болса, ол арыстан ғой, — депті. :lol:

+0
03 сәуір 2013, 21:25

Ой туралысы ұнады

+0
03 сәуір 2013, 21:54

•Түлкі арыстанға: Менің күшігім қандай көп, жыл сайын табам және көп-көптен табам. Сенікі не, бәрі біреу-ақ, — дегенде, арыстан: Біреу де болса, ол арыстан ғой, — депті.дұрыс айтқан!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...